IMAGE Getty Images

Versace-дегі кадрлық сілкіністер жайлы сыр шертеміз. Көптен бері брендтің жүрегі мен жаны болған Донателла Версаче креативті директор қызметінен кетпекші

Versace-нің ғажайып тарихына 28 жыл бойы өлшеусіз үлес қосқан Донателла Версаче креатив тізгінін босатуға бел буды. 2024 жылдың соңында Miu Miu-мен қош айтысқан дарынды дизайнер Дарио Витале енді оның орнын баспақ. Бастапқыда көпшілік Донателланың Versace-мен келісімшартын қайта жаңартып, Дарио Донателланың қанат астында шабыттана еңбек ететінін болжаған еді. Алайда ақпан айының соңында келісімшарттың мерзімі аяқталып, шығармашылық тізгінді басқаға беру туралы шешім қабылданды.

Донателла брендтің мәртебелі амбассадоры ретінде өз миссиясын жалғастырады. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы әйгілі дизайнер Versace-ні Michael Kors, Jimmy Choo және Alberto Gozzi сынды танымал брендтерді біріктірген Capri Holdings компаниясына сатқан болатын. Бүгінде Capri Holdings Versace брендінің меншік құқығын Prada Group-қа беру мүмкіндігі жан-жақты қарастырылып, келіссөздер жүргізіліп жатыр.