Джои Кинг, Лю Хаоцунь және Элиот Самнер қатысқан жаңа Miu Miu көктем-жаз 2025 жарнамалық науқаны
Италиялық Miu Miu сән үйі көктем-жаз 2025 коллекциясына арналған жарнамалық науқанын ұсынды. Коллекцияның ерекшелігі классикаға деген жаңа көзқарас пен балалар гардеробының тазалығына деген ұмтылыста жатыр. Балалар демекші, түсірілімге непо-бейбилер – Стингтің қызы Элиот Самнер мен Николь Кидманның қызы Сандей Роуз Кидман Урбан қатысты. Сондай-ақ жарнамаға актрисалар Джои Кинг пен Лю Хаоцунь түсті.
Науқанды стильдеген жан – Miu Miu-дің еш өзгермес стилисі Лотта Волкова. Коллекция аясында нәзік гүлді принттер мен жұмсақ қызғылт реңктер ұл балалардың кәзекейшесімен астасады. Брендке тән классика жаңашыл көрінеді: жемпірлер бюстье-топтарға айналса, жейделер ерекше пішінге келтірілген, ал ақ мақта көйлек пәктік пен балалық символы рөлін атқарады. Miu Miu жаңа топтаманы Petit Bateau француз балалар киімі брендімен бірлесе отырып дайындаған екен. Бұл серіктестік барлық жастағы адамдарға сай келетін, жеңіл мақта өнімдеріне бейнебір аңғырттықты дарытатын секілді.