IMAGE Фотограф: Елизавета Породина

Ulyana Sergeenko Haute Couture 2025 жылғы көктем-жаз топтамасының кампейні бурлеск пен Париж кабаресінің атмосферасына толы.

Француз эстрадасының өзіне тән сиқыры, кино диваларының сахналық костюмдері мен цирк әлемінің эстетикасы – Ulyana Sergeenko Haute Couture жаңа кампейніне шабыт берген негізгі элементтер осы. Кампейннің басты жұлдызы – дизайнердің музасы, әйгілі модель Наталья Водянова. Фотосессияның өзі Парижде өтті, ал стилистикасы Виктория Секриенің қолынан шықты.

Суреттерден XX ғасырдың басындағы Париж кабаресі, бурлеск пен театр қойылымдарының рухы сезіледі. Жұмсақ түстер палитрасы, жарық пен көлеңкенің ойыны, ерекше композициялар – бәрі көрерменді түс пен қиял әлеміне жетелейді. Кампейннің басты кейіпкері – жұмбақ әрі сылқым бикеш. Оның әр қимылы нәзіктік пен сенімділіктің белгісіндей, ал көзқарасынан еркіндік пен мұңға толы тереңдік байқалады. Кристалдармен көмкерілген, қауырсындармен безендірілген сәнді киімдер оның нәзік әрі талғампаз болмысын аша түскен. Арман, қиял және сұлулықтың көрінісі болған кейіпкер образы осылайша Ulyana Sergeenko Haute Couture 2025 жылғы көктем-жаз топтамасында ерекше мәнермен көпшілікке ұсынылды.

Tatler Asia
IMAGE Фотограф: Елизавета Породина
Tatler Asia
arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 13
Фото 2 из 13
Фото 3 из 13
Фото 4 из 13
Фото 5 из 13
Фото 6 из 13
Фото 7 из 13
Фото 8 из 13
Фото 9 из 13
Фото 10 из 13
Фото 11 из 13
Фото 12 из 13
Фото 13 из 13