Фотограф: Мария Шлыкова
IMAGE Фотограф: Мария Шлыкова
Фотограф: Мария Шлыкова

Заманауи қазақстандық сән мен мода кімдердің шеберханасында жасалады?

Заманауи Қазақстанның сән индустриясы тарих толқындарында түрлі кезеңдерден өтіп, өзіндік бірегейлікті қалыптастырғаны талғамы жоғары оқырманға бесенеден белгілі. Алғашында елімізде сәл кенделеу қалған сала болып қабылданғанмен, өткен ғасырдың соңында бұрқ етіп қаулап өсіп, жаңа есімдерді жұрт назарына ұсынған еді. Көзі қарақтылардың бәрі Kazakhstan Fashion Week-ті сән әлемінің Темірқазығы етіп санайтын. Нарықтың да бағдары соған қарап айқындалғаны ешкімге құпия емес. Алайда одан кейінгі алапат қарқын 2014 жылы KFW-ке баламалы түрде ашылған Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сән апталығымен нарыққа дүрсе қоя берді. MFWA тартылыс күші аса жоғары жаңа жұлдыз іспетті айналасына халықаралық деңгейдегі журналистер, редакторлар мен дизайнерлерді жинады. Ал қазіргі таңда үшінші бір сілкініс анықтала бастағандай. Ұлттық бірегейлік пен «өзіміздікі» деген ұғым құнды бола түскен заманда сұраныс та сол бағытқа қарай артып барады. Мұндайда Қазақстан дизайнерлерін «Қазақстанға тән стиль қандай болу керек?» деген сауал мазаласа керек. 

Тамырын елімізде жайған кез келген брендтің даму жолы өзінше бөлек һәм бірегей. Бір тарап көшпелі өркениеттің ізін жалғап, қарапайым әрі қолданысқа жайлы дүниені шығармашылығының негізі етеді. Шабытты табиғат көріністері мен бояуларынан алып, сан ғасырлық тарихымызбен сабақтайды. Ал енді бір жақ азиялық моданың элементтері бар нәзіктікті, шығысқа тән сұлулықты басты бағыты еткен. Бұлардың арасында, әрине, батыс трендтерінен қалмай, жаһандық сән толқынында жайқала түскен дизайнерлер тобы да бар.

Осылай буырқанып, қайнап жатқан салада қазақстандық брендтер де өзінің қолтаңбасын қалыптастырып, қоғам мен сана қатпарларындағы өзгерістерді ашық көрсетіп келеді. Олардың батыл эксперименттері, көне мен жаңа арасындағы тепе-теңдікті іздеуі ел ішінде ғана емес, шекара мен мұхит асып, ғалам жұртшылығын өзіне қаратып отыр. Соның арасынан «мен, мен» деген мықтыларын өздеріңізге ұсынамыз. 

 

DARK’N’CORE

Футуризм мен болмыс көлеңкелері

DARK'N'CORE брендінің негізін 2023 жылы Астанада Айжан Бейсембаева қалаған. Өз коллекциясында автор футуризм мен post-apocalypsis эстетикасын көрсеткен. Екпіні алғашқы буынға түсетін атауының өзінде де болмысымыздың көлеңкелі тұстарына басымдық берілгені байқалады. Дизайнер шеберханасы пошым мен сұлбаға негізделген эксперименттерге, тері мен мақтадан тұратын өнімдерге толы. Айжан мұны Intelligent dark fashion деп атап, өзіндік стилін де қалыптастырып отыр. Мансабындағы жарқын кезең ретінде Visa Fashion Week Tashkent шарасына қатысуын айта кеткен жөн. Себебі дәл осы сән апталығы дизайнердің алдағы шығармашылығына зор септігін тигізген.

 

Tatler Asia
DARK’N’CORE Фотограф: Темирлан Фарзалиев | Модели: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова
IMAGE DARK’N’CORE Фотограф: Темірлан Фарзалиев | Модель: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова
Tatler Asia
DARK’N’CORE Фотограф: Темирлан Фарзалиев | Модели: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова
IMAGE DARK’N’CORE Фотограф: Темірлан Фарзалиев | Модель: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова
DARK’N’CORE Фотограф: Темирлан Фарзалиев | Модели: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова
DARK’N’CORE Фотограф: Темирлан Фарзалиев | Модели: Марика @ Cassis Model Management, Сания Чиахунова

MARIKO

Мәдени мұрамен байланыс

MARIKO бренді де 2023 жылы Астанада Мари Айрапетян шеберханасында дүниеге келді. Арменияның Сюник облысының айшығы мен бионикадан дарыған шабыт дизайнерді дәстүрге жаңаша қарауға шақырған көрінеді. Брендтің топтамасы өткен мен бүгінді байланыстырар көпір іспетті. Тұрақтылық пен мызғымас беріктікке басымдық берілген. Қазірдің өзінде жас бренд марапаттан еш құр алақан емес. Next Designer Award empowered by Visa сайысының жүлдесі, Visa Fashion Week аясындағы дебюіттік көрсетілім мен қазақстандық дизайнер Сәкен Жақсыбаевпен болатын коллаборация ауыз толтырып айтуға болатын жетістік екені сөзсіз.

 

Tatler Asia
MARIKO
IMAGE Фотограф: Мария Шлыкова
Tatler Asia
MARIKO
IMAGE Фотограф: Мария Шлыкова
MARIKO
MARIKO

Avgvst

Қарапайым һәм этникалық болмыс

Салтанат Бектабанова 2022 жылдың тамыз айында негізін қалаған Avgvst бренді өз жолын онлайн сатылымдардан бастаған. Дизайнердің мансабындағы негізгі бетбұрыс New Generation Open Way байқауындағы жеңісінен кейін орын алған. Дәл осы жеңістен соң Салтанат Kazakhstan Fashion Week сән апталығында шағын коллекциясын ұсынуға мүмкіндік алды. Avgvst коллекцияларында этникалық мотивтер жаңаша реңге бөленіп, күнделікті киіммен шебер үйлесім тапқан. Брендтің минималистік стилі әр бұйымның бірегейлігін айқындай түскен. Алдағы уақытта Avgvst бренді дүкен ашуды және өнім ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Дизайнер эксклюзивті және коммерциялық желілерді қатар дамытуға ниетті. Сондай-ақ коллекцияларды тың аксессуарлармен толықтыруды да көздеп отыр.

 

Tatler Asia
Avgvst
IMAGE Фотограф: Алексей Котерев
Tatler Asia
Avgvst
IMAGE Фотограф: Алексей Котерев
Avgvst
Avgvst

KIMMIN

Көшпенді болмыс рухы арқылы «мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздеу

2024 жылдың жазында Айкен Дербісәлиева KIMMIN брендінінің негізін қалады. Байқағаныңыздай, бренд атауы қазақ тілінде «Мен кіммін?» деген мағынаны білдіреді. Бұл қадамға Next Designer Award empowered by Visa байқауына қатысуы ықпал еткен. KIMMIN бренді – өзіндік болмысты іздеуге және көшпенді рухтың мәнін зерттеуге арналған жоба. Оның философиясының негізінде қазақтың еркін рухы мен шексіз дала идеясы жатыр. Брендтің басты аудиториясы – өзіндік еркіндігін бағалайтын, «жүйе» мен трендтер шеңберінен тыс ойлайтын жандар. Visa Fashion Week Almaty шарасындағы дебюттік көрсетілім KIMMIN бренді үшін маңызды кезең болғаны сөзсіз. Қазіргі таңда Айкен өз қауымдастығын құрып, тәуелсіз көрсетілімдер ұйымдастыруды жоспарлап жүр.

 

Tatler Asia
KIMMIN
IMAGE Фотограф: Тұмар Мәулен
Tatler Asia
KIMMIN
IMAGE Фотограф: Тұмар Мәулен
KIMMIN
KIMMIN

SHAQ

Өткен мен бүгін синтезі

SHAQ брендінің негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбетов – Next Designer Award empowered by Visa байқауының финалисті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқитын 20 жастағы дизайнер шабытты ата-баба өнері мен салт-дәстүрден аламын дейді. SHAQ брендінің негізі мәдени мұра, заманауи стиль және этникалық бірегейліктің үйлесімінен өсіп шыққан. Дизайнердің басты аудиториясы – өнерді және бірегейлікті бағалайтын шығармашыл адамдар. Өзін ең алдымен суретші ретінде көретін Нұрдәулет Visa Fashion Week аясындағы дебюттік топтамасына жапон суретшісі Утагава Куниёси еңбектерін бағдар етіп алған. Сол сәтті көрсетілімнен кейін оның тасы өрге домалады. Алдағы уақытта SHAQ бренді өнімдерінің ассортиментін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

Tatler Asia
SHAQ
IMAGE Фотограф: Жаңа Бәбішева, Шыңғыс Алғазин
Tatler Asia
SHAQ
IMAGE Фотограф: Жаңа Бәбішева, Шыңғыс Алғазин
SHAQ
SHAQ

Темы