The World of Kim Jones – Фаррелл Уильямстың Ким Джонсқа құрмет көрсете әзірлеген жобасы
JOOPITER – Фаррелл Уильямс негізін қалаған аукциондық үй әрі онлайн платформа. 27 ақпан мен 11 наурыз аралығында онда Ким Джонстың мәдени мұрасы мен ерекше көзқарасына арналған аукцион өтеді. Аукцион аясында 27 лот ұсынылған. Олардың арасында эксклюзивті дизайнерлік заттар, қолөнер бұйымдары және модельердің жеке коллекциясынан алынған сирек кездесетін бұйымдар бар. Сондай-ақ аукционда архивтік Louis Vuitton, Fendi, Dior, Nike, Maison Margiela, Helmut Lang бұйымдары, Трэвис Скотт, Кенни Шарф, Амоако Боафо, Supreme, ERL, FRGMT, Pokémon коллаборациялары және Хадзимэ Сораяма мен Хилтон Нелдың еңбектері бар. Түскен қаржының белгілі бір бөлігі қауіп төнген экожүйелерді қорғауды мақсат ететін World Land Trust қайырымдылық ұйымына бағытталмақ.