Sushi Park Saint Laurent Rive Droite-қа қайта оралады
Sushi Park – әйгілі аспаз Питер Парктың мейрамханасы және Saint Laurent-ның креативті директоры Энтони Ваккареллоның Лос-Анджелестегі сүйікті орны. 2022 жылы гастрономиялық поп-ап Париж сән апталығына орай Rive Droite бутигінде алғаш рет ашылған болатын.
2025 жылы 21 ақпанда Sushi Park Парижде тұрақты жұмысын бастайды. Ол жаңартылған Saint Laurent Rive Droite бутигінің жертөлесінде орналасады. Мейрамхана омакасе стилінде қызмет көрсетеді, яғни суши қонақтардың көз алдында дайындалады. Ал мәзірді аспаз өзі таңдап, қонақтарға ұсынады. Сән мен дәмнің мінсіз үйлесімі осындай болса керек!