IMAGE Zielinski & Rozen

Zielinski & Rozen ұсынған антиперспирант пен өнімнің жарық көруіне орай әйелдер футбол лигасы ойыншыларының қатысуымен әзірленген түсірілім туралы әңгімелейміз.

Zielinski & Rozen тершеңдікпен күресетін жаңа өнім ұсынды. Бұл кез келген тері түріне жарайтын антиперспирант әсерін 24 сағат бойы жоғалтпайды, микрофлора тепе-теңдігін сақтайды әрі жағымсыз әсер қалдырмайды. Құрамындағы алоэ экстракты теріні тыныштандырып, ылғалдандырады, ал аллантоин антиоксиданты себумның бөлінуін, яғни терінің майлылығын реттейді. Zielinski & Rozen дезодорантының басты ерекшелігі сол, ол парфюм да бола алады. Оның екі түрлі хош иісті нұсқасы ұсынылған: біріншісі қара бұрыш, ветивер, нероли және амбра ноталарынан құралса, екіншісі лимон мен розмаринге негізделген.

Жаңа өнімнің жарық көруіне орай Zielinski & Rozen әйелдер футбол лигасы ойыншыларының қатысуымен түсірілім ұйымдастырды. Бойжеткендер футболдың мәні, жарақаттар және қиындықтарды еңсеру жолдары туралы әңгімеледі. Спорт бренд философиясымен толық интеграцияланған. Компания марафон (Қазақстандағы шаралардың да), триатлон және турнирлер сынды спорттық шаралардың қатысушыларын қолдайды.

Tatler Asia
IMAGE Zielinski & Rozen
Tatler Asia

Яна Шеина «Локомотив» ӘФК-ның сол жақ қапталдағы жартылай қорғаушысы

Футболға кездейсоқ келдім. Мектепте қыздар командасын құрып жатты. Алғашында жай әуестікпен келдім, кейін оған өмірімді арнадым. Бірде асықты жілігіме сынық түсіп, сегіз айлық үзіліске шығуға тура келді. Ота мен оңалуды екінің бірі еңсере бермейді. Алайда қайта ойнауға деген ынтам жеңіп кетті. Алаңға оралған сәтте қиындықтың бәрі артта қалды. Футболға қатысты жарқын эмоцияларға қайта бөленгендей болдым.

Tatler Asia
IMAGE Фотосуретші: Анастасия Рябцова
Tatler Asia

Зарина Шарифова «Чертаново» ӘФК-ның ортадағы жартылай қорғаушысы

Бірде әжем екеуміз резеңке доп тауып алдық. Оны күн-түн демей диванға теуіп ойнадым. Хикаям сол сәттен басталған болар. Футбол ойнау үшін халық биі үйірмесінен бас тартуға тура келді, қарсылық пен күмәнмен күрестім. Ойын өмірімнің басты бөлшегіне айналды. Жарақат қандай болса да, футболшы міндетті түрде алаңға оралады. Бізде ес жоқ қой! Екі рет ауыр жарақат алдым. Оңалу ұзақ әрі қиын болды. Өз-өзіме күмәнданған кездер де болды. Бірақ бойымнан күш тауып, қайта оралдым. Нағыз спортшыны бәсекелестік, қиындық және жеңіліс шыңдайды. Алған жарақатымның арқасында ойынға деген көзқарасым да біршама өзгерді. Алаңда болуды бақыт деп білемін, өйткені мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жүрмін.

Tatler Asia
IMAGE Фотосуретші: Анастасия Рябцова
Tatler Asia

Эльвира Тодуа ЦСКА «Мәскеу» ӘФК-ның қақпашысы

Бала күнімде ұлдармен аулада футбол ойнайтынмын. Ағам менің доптан қорықпайтынымды, барынша секіріп, оны ұстауға тырысатынымды байқап, қақпаға тұрғызды. Жарақат көп болды. Кәсіби спорттың ажырамас бөлігі деп ойлаймын. Мысалы, тіземе үш рет ота жасалды. Оңалу қиынға соқты. Алайда алаңға қуана-қуана ораламын.  Қатты сағынып, зарыға күткен біреумен қауышқанға ұқсас сезім.

Tatler Asia
IMAGE Фотосуретші: Анастасия Рябцова
Tatler Asia

Анна Беломытцева «Локомотив» ӘФК-ның ортадағы қорғаушысы

Бала кезімде әжемнен ауладағы балалар менімен футбол ойнайтындай етіп беруді сұрайтынмын. Өзім нәзік болсам да, мінезім қайсар. Тізе жарақаты мен үшін бір үлкен сынақ болды. Екінші отадан кейін алаңға қайта оралуды қатты күттім. Оңалумен өткен айлар бітпей кетті. Бұл қиындықты қолдау көрсеткен жақындарым мен алаңға қайта шығуға деген ұмтылысымның арқасында еңсердім.

Tatler Asia
IMAGE Фотосуретші: Анастасия Рябцова
Tatler Asia

Карина Бакланова «Спартак» ӘФК-ның қорғаушысы

Тоғыз жасымнан бастап ойнаймын. Футбол – алғашқы шынайы махаббатым. Жарақат та, тығырыққа тірелгендей көрінген жағдайлар да болды. Жарақатқа дайын болу мүмкін емес. Ол сені сүйікті ісіңнен суырып алады. Қанша күтетінің де белгісіз. Денсаулықты күтіп, дененің беретін белгілеріне құлақ аса білу маңызды. Ойыннан бірнеше айға шығып қалғаннан гөрі үш күн оңалған артық. Өз басым осы ақиқатты білмей, тізе артрозына шалдықтым. Ота жасауға келмейді. Оңалудың бірден-бір жолы – бұлшық етті жаттықтыру. Маған ісіме деген сүйіспеншілік пен жеңіске деген ұмтылыс күш берді. Мен жеңіске жетіп, чемпион болып, гол соққым келеді. Алаңға шығып, көздегеніме жеткім келеді.

Tatler Asia
IMAGE Фотосуретші: Анастасия Рябцова
Tatler Asia

Темы