IMAGE Sadu Ethno Spa Sop

Алматының ерекше үш этно-спа мекенін аралап, шынайы демалыстың жаңа деңгейін сезініңіз!

Этно-спа әлеміне сүңгіп, жай ғана демалыс емес, уақыт пен кеңістіктен тыс, терең сезімдерге толы саяхатқа аттаныңыз. Бұл мақалада ұлттық дәстүрлер мен заманауи релаксацияның үйлесімін ұсынатын Алматының үш ерекше этно-спа мекені туралы айтып өтеміз. Қазақ мәдениетінің бай мұрасына негізделген бұл орындар сізге жан мен тәннің үйлесімдігін сезініп, толық қайта жаңаруға мүмкіндік береді. 

Ethno Spa Sop

Ethno Spa Sop – ұлттық мұраның заманауи реңкте қайта жанданған мекені. Мұнда қадам басқаннан-ақ, сізді Мими Ильницкая мен Әсел Кенженің туындылары, Ләйлә Жарқынның киізден жасалған әсем кілемдері және жергілікті қызыл саздан жасалған қабырғалары қарсы алады. Интерьердегі ұлттық нақыштар мен петроглифтер мекеннің көркін арттырады. Барлық өнімдер қазақстандық өндірушілерден алынған, ал Жетісу өңірінде арнайы өсірілген шөптер рәсімдердің бірегейлігін толықтырады.

Айрықша рәсім: «Жаңару»

Бұл рәсім тандыр пішініндегі қызыл сазбен қапталған бөлмеде басталады. Лаванда мен жалбыздың нәзік хош иісі бөлмені баурап, денеңізді тыныштандырады. Қонақтарға варган аспабында және тибеттік тостағанмен орындалатын музыкалық сүйемелдеу ұсынылады. Соңында сізді әткеншек тәрізді сәкіге жатқызып, жылы көрпеге орап, толық релаксацияға жете аласыз. Сонымен қатар, мұнда сіз саумал массажының ерекше емдік әсерін де көре аласыз.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 Sadu Ethno Spa Sop
Фото 2 из 5
Фото 3 из 5
Фото 4 из 5
Фото 5 из 5

Oi Qaragai Ethno Spa Umai 

Қарлы тау бөктерінде орналасқан Oi Qaragai Ethno Spa Umai – табиғатпен үндесуді қалайтындар үшін таптырмас орын. Мұнда серуендеп немесе шаңғы теуіп болған соң, ерекше этно-рәсімдер шаршауды басуға көмектеседі. Киіз үйлердегі рәсімдер табиғаттың төрт стихиясын қамтиды: су, от, жер және ауа. 

Айрықша рәсім: От терапиясы

Қыстың суығында ең танымал рәсім – от терапиясы. Қазақ халқы ежелден отты тазартушы және қорғаушы күш ретінде көріп, отпен аластау рәсімін қолданған. Бұл көне дәстүр бүгінгі күнге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.

Рәсім табиғат аясындағы ыстық джакузиден басталады. Жан-жағыңызды жалбыз, бөріқарақат пен жұпаргүлдің хош иісі баурап, денеңізді тынықтырады. Джакузиден кейін киіз үйдегі кішігірім хамамда жылынуға болады. Кейін денеңізді скрабпен тазалап, от терапиясы арқылы денеңізді жылытып, аураңызды тазалайды. Атмосфераны Асылбек Еңсеповтың күйлері жандандырады, ал рәсімнен кейін Ой Қарағайда өсірілген шөптерден дайындалған шайға марқайып қаласыз. 

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 Oi Qaragai Ethno Spa
Фото 2 из 5
Фото 3 из 5
Фото 4 из 5
Фото 5 из 5

YA Tut 

Қаланың қарбаласынан алыста, табиғаттың ортасында орналасқан YA Tut Ethno Spa – нағыз тыныштық мекені. Мұнда сіз күнделікті күйбең тіршілікті артқа тастап, жаңа күш-қуат жинайсыз.

Айрықша рәсім: «Хош иісті шипа»

Рәсім ароматерапиядан басталады, мұнда қолданылатын өсімдіктер сіздің денсаулығыңызға сәйкес таңдалады. Бу бөлмесінде қарағай мен эвкалипт хош иістері арқылы тыныс алу жолдары ашылып, денеңізді сергітеді. Табиғи компоненттерден жасалған скрабтар – теңіз тұзы, лимон және имбирь – теріге ерекше күтім көрсетеді. Кейін балмен жасалатын массаж сіздің шаршаған бұлшықеттеріңізді тыныштандырады. Массаждан соң тірі отта қыздырылған суда демалып, жапырақтар мен гүлдер қосылған күбіге түсесіз. Этникалық музыка, көмеймен ән айту және шамандық әуендер рәсімді толықтырып, жан тыныштығын қамтамасыз етеді. Соңында қонақтарды ұлттық шапанға орап, әткеншекке жатқызып, толық демалуға жағдай жасайды.

Осы үш орталықтың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ бәрінің мақсаты бір – сіздің жан-дүниеңізді қайта жаңғыртып, үйлесімге жетелеу. Егер ерекше тәжірибе іздесеңіз, Алматының этно-спа әлеміне бет бұрыңыз – ол сізді таңғалдырары сөзсіз.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 YA Tut
Фото 2 из 5
Фото 3 из 5
Фото 4 из 5
Фото 5 из 5

Авторы

Фотография: Аружана Жанова
Фотография: Альбина Арбузова

Темы