IMAGE Остин Батлер YSL Beauty
үшін | Фотограф: Грег Уильямс

YSL Beauty алғаш рет Instagram мен TikTok желілері арқылы MYSLF парфюмериясының келесі кампаниясына кастинг ашып отыр

YSL Beauty тарихындағы ең ерекше сәт! Бренд алғаш рет Instagram мен TikTok желілері арқылы MYSLF әтіріне арналған жаңа кампания үшін жаһандық ашық кастинг жариялады. Екі жыл бұрын шыққан MYSLF парфюмі сенімділік пен жекелікке құрмет көрсету идеясын ұстанады, ал жаңа кампания дәл осы құндылықтарды дәріптеуге арналған.

2025 жылдың 17 қаңтарынан 3 ақпанына дейін Instagram немесе TikTok-та ұзақтығы бір минуттан аспайтын видео жариялаңыз. Шағын роликте «It feels good to be myself» деген тіркестің сіз үшін қандай мағына беретінін креативті түрде жеткізіңіз. Постыңызға міндетті түрде @YSLBeauty аккаунтын белгілеп, #MYSLFOPENCASTING хэштегін қосыңыз.

Жеңімпазды таңдау кезінде үш негізгі фактор ескеріледі:

  • Шынайылық – өз болмысыңызды еркін және таза көрсету қабілеті.
  • Ерекшелік – сіздің даралығыңыздың тартымдылығы.
  • Сенімділік – MYSLF әтірінің басты идеясы – өзіңізді еркін сезіну.

Ең мықтыларды анықтау оңай болмасы анық, бірақ әділқазылар құрамына сенуге болады. Жеңімпаздар 3 ақпаннан бастап бір апта ішінде хабардар етіледі.