IMAGE Maison Margiela Haute Couture
Spring Summer 2024

Пэт Макграт (Pat McGrath) теріні мінсіз жылтырататын Skin Fetish: Glass 001 маскасын жасап шығарды

Аты аңызға айналған, Maison Margiela кештеріндегі образдарымен танымал бет әрлеуші Пэт Макграт (Pat McGrath) инновациялық Skin Fetish: Glass 001 қабыршақты маскасын жасап шығарды. Өнім Maison Margiela’s Couture Spring 2024 кешінде модельдерді кәрлен қуыршаққа айналдырған макияжға негізделген.

Маска ресми Pat McGrath Labs сайтында 30 қаңтардан бастап қолжетімді болады. Қызғылт су мен глицериннен құралған формуласы теріні ылғалдандырады да, жылтыратады да. Өнім лактың жылтырына ұқсас көпқабатты жабын жасауға мүмкіндік береді. Оны жұқалап жағып, әр қабатын кептіріп, қажет эффектіге жетуге болады. Бетке түгелдей не жеке бөліктеріне жағуға болады.