IMAGE Sisley Paris

Сезімтал теріңді тыныштандырудың бірден-бір жолы: Sisley-дің Les Réponses Dermatologique кремін таңда да, стрестен арыл!

Көзіңді ашып, айнаға қараған сәтті елестет: терің қызарып, «Шаршап кеттім!» деп айғайлап тұрған сияқты. Қабыршақтану, қышу сезімі, терінің тартылуы – бәрі де таныс жағдайлар ма? Сезімтал тері – сенің ішкі барометрің. Ол жұмыстағы ахуалды да, ұйқының жетіспеушілігін де, гормондардың ойнауын да, тіпті душтың ыстығын да – барлығын тереңнен сезеді. Ең өкініштісі, терің әлдебір мәселеден хабар беріп қана қоймай, оның нағыз өзіне айналып кетуі мүмкін. Қабыну процестерінің салдарынан сезімтал тері әдеттегіден тез қартаяды. Ал anti-age препараттардың құрамындағы белсенді заттар көбінесе теріні тітіркендіріп, қосалқы реакциялар тудыруы мүмкін. Тұзаққа түскендей боласың.

Tatler Asia
IMAGE Sisley Paris
Tatler Asia

Мұның себебі неде?

Сен уайымдаған сайын, ағзаң кортизол, яғни стресс гормонын бөледі. Ол теріңнің қорғаныс қабатын бұзып, сыртқы әсерлерге (желге, суыққа, ластанған ауаға, тіпті сенің сүйікті тоналды креміңе) сезімтал етеді. Сөйтіп, сен шаршаумен қоса, қалып-күйің бетіңнен анық көрініп тұрады.

Не істесе болады?

Ең алдымен, терең тыныс ал. Иә, қарапайым естілгенімен, терең тыныс алу стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Екіншіден, күтім жасау тәртібіңді қайта қарастыр. Сезімтал тері әрқашан қолдау көрсететін ең жақын құрбыңдай мейірімділік пен қамқорлықты қажет етеді.

Осы сәтте Sisley-дің Les Réponses Dermatologique кремі көмекке келіп, тыныштық сыйлайды, қызаруды басып, теріңе жайлылықты қайтарады. Оның текстурасы жібектей жеңіл, ал нәзік қараөрік майының жеңіл иісі сені жұпар сезімге бөлейді. Эфир майлары мен хош иістендіргіштердің жоқтығы аллергия қаупін азайтып, сенің теріңді аялап қорғайды. Бірнеше аптадан кейін теріңнің жақсарғанын, ал өзіңнің тынышталғаныңды байқайсың.

Tatler Asia
IMAGE Sisley Paris
Tatler Asia

Қараөрік, карите және рапс майлары сынды табиғи ингредиенттердің сиқырлы үйлесімі терінің қорғаныс қабатын қалпына келтірсе, жапон інжугүлінің сығындысы микробиомның тепе-теңдігін сақтап, теріңді тыныштандырады. Бұл сенің терің үшін жылы құшақ іспетті.

Les Réponses Dermatologique – Sisley-ден өзіңе арналған ерекше сый. Өйткені сен ненің болса да, ең жақсысына лайықсың!

Темы