«Иіссу шығару дейсіз бе!? Бұл қашанда менің үлкен арманым еді... Қане, іске кірісейік!»
Симон Порт Жакмюс жақында ғана көктемгі топтамасын таныстырып, Apple-мен бірлескен кампаниясын ұсынған еді, ал енді өз брендіне бьюти өнімдерін қосатынын мәлімдеді. 2021 жылы бұл бағыттағы жоспар жүзеге аспай, Puig парфюмерлік компаниясымен келіссөздер нәтижесіз аяқталғанын сән әлемі әлі ұмыта қойған жоқ.
«Жығылғанды жер көтерер» демекші, сәтсіздіктерге сағы сынбай, алғашқы косметикалық желісін Симон L'Oréal-дің қолдауымен шығарғалы отыр. Бұл туралы дизайнер Instagram парақшасында жариялады. «Иіссу шығару дейсіз бе!? Бұл қашанда менің үлкен арманым еді... Қане, іске кірісейік!» – деп жазды ол өз аккаунтында.
L'Oréal президенті Сирил Шапюи Jacquemus-тің «ерекше креативтілігі» мен «аудиториясын қызықтырып, еліктіруін» айрықша атап өтті. Оның айтуынша, бұл қасиеттер брендке халықаралық нарықта жаңа белеске шығуға көмектеседі.