Жаңа жылмен бірге мерекеге жарасымды әтір таңдайтын уақыт та келіп қалды
Желтоқсан айындағы шампан бөтелкесінің тарс еткен дыбысы мен бөлмені алып кететін, көңілді әңгіме бір ғана нәрсені — ойын-сауық кештері маусымының басталғанын білдіреді. Ұяңдық танытпаңыз, Жаңа жылға арналған парфюміңіз батыл, есте қаларлық және еліктіретін шлейфпен болсын.
Sì Passione Intense — Giorgio Armani
Жаңа жылдың алғашқы минуты — өмірге деген құлшынысты оятатын, ең шулы әрі бақытты сәт. Sì Passione Intense бұл эмоцияларды одан әрі күшейтеді — қанық, шын мәнінде албырт әрі және мерекелік тұрғыда ойнақы иіс. Қарақат тосабы, алмұрт, жасмин, ваниль және сандал ағашы бұл жолы лимиттелген, нақышталған бөтелкеде ұсынылған. Бұл құмарлықтың бір ғана жауабы бар — ол Sì.
Narcotic Delight, Initio Parfums
Брендтің жаңа өнімі — нағыз есірткі. Мерекелік кештерде елдің назарын өзіне аударғысы келетін жандарға арналған, тамаша хош иіс. Бақытымызға орай, елдің назар аударуы орынды: Narcotic Delight адамды еліртіп, жарқын сезімге бөлейді. Бұл сиқырдың кілті бұрыш миксі, коньяк, темекі, сондай-ақ шие мен ванильдің үйлесімінде жатыр. Жүректі өртейтін ынта мен құмарлық хош иісі.


Dom Rosa, Liquides Imaginaires
Dom Rosa Millésimé әтірінің көпірген шампан иісі мерекелік көңіл-күйді күшейте түседі. Ойын-сауық кештеріне, әдемі көйлектер мен кеш гүлінің жарқыраған жанарына арнап жасалған. Тұнып тұрған мереке. Таңертең бас ауыртатын әсері жоқ.
Bravi, Thameen
Мерекелік маусымды балет пен операсыз елестету мүмкін емес. Мұндай салтанатты кештерде Ковент-Гарденнің ең көрнекі орындарының бірі — Royal Opera House-қа арнап жасалған Bravi-ді сепкен жөн. Театрландырылған әрі сәнді, сондай-ақ артистік темпераменті бар Bravi әтірі адамды ақ гүл шоғымен қарусыздандырады. Ал зімбір қосылған пірәндік дәмі мерекені одан әрі жақындата түседі.
The Dandy, Penhaligon’s
Бұл джентльменге қазіргі сән трендтері мүлде қызық емес. Оны көпшіліктің назарынан жасырын тұрған, стильді барда вискиін ұрттап, баяу джаз тыңдап отырған жерінен ғана таба аласыз. The Dandy дегеніміз емен бөшкеде бабына келген виски мен оған тән шоколад және жидек нюанстары. Өзі сабырлы, асыл жанды — елеулі ниет пен сенімділіктің иісі.