Жақында ғана Jacquemus сән үйі өзінің сұлулық топтамасын ұсынған еді. Louis Vuitton да өз жанкүйерлерін қуантуға асық. Жаңа топтамада елу бестен астам түрлі-түсті далап, оннан астам ерін бальзамы, сондай-ақ сегіз түрлі бояу палитрасы бар. Аңызға айналған визажист Пэт МакГрат бұл жобада брендтің косметикалық бағытына креативті директор ретінде жетекшілік етеді. Айта кетейік, 2021 жылы ол Британ империясының Дама-Командоры атағын алған болатын.
La Beauté Louis Vuitton брендтің тұңғыш толыққанды сұлулық жинағы 2025 жылдың күзінде көпшілікке жол тартады. Пэт МакГрат бұл жаңалыққа қатысты өз ойын былай білдірді: «Сұлулық әлемі – тек қана сұлулық өнімдерімен шектелмейтін, әлдеқайда ауқымды дүние. Біздің мақсат – люкс сұлулықтың жаңа деңгейін қалыптастыру».
