8 наурыз қарсаңында анаңызды қуантуды ойластырып жүрсеңіз, біздің мақала сізге арналады!
Көктемгі мерекелер қарсаңында анаңызға не сыйларыңызды білмей жүрсеңіз, сіз үшін тамаша сыйлықтар тізімін жасап қойдық. Жыл сайынғы гүл мен тәттілерден гөрі биыл анаңызды таңғалдыратын ерекше бір тың дүние таңдап көрсеңіз қалай? «Әлбетте, гүлсіз болмайды» деген оймен Алматыдағы ең әдемі гүл шоқтарын сататын орындардың топтамасын да дайындадық. Ең бастысы, анаңызды 8 наурызда ғана емес, күн сайын қуантуды ұмытпаңыз.
Apple HomePod mini
Қазіргі заманғы аналар ақылды гаджеттер мен тұрмысты жеңілдететін техникаларды жақсы көреді. Сондықтан Apple HomePod mini смарт-динамигі керемет сыйлық болары сөзсіз. Әсіресе егер анаңыз Apple құрылғыларын қолданса, бұл оған нағыз пайдалы көмекші болар еді. HomePod mini арқылы телефон қоңырауларына жауап беруге, музыка мен подкасттарды тоқтатуға немесе сериалды үздіксіз көруге болады. Әсіресе үй шаруасынан қолы босамай жатқанда дауыспен басқара бергенге жақсы. Сонымен қатар бұл құрылғы үйге келе жатып, жақындарыңызға маңызды тапсырмаларды еске салуға көмектеседі. Мысалы, жуылған кірді жайып қою немесе етті мұздатқыштан шығарып, жібіту туралы ескерту жіберуге болады. Бұл гаджеттің басты артықшылығы сол, барлық Apple құрылғыларын бір жүйеге біріктіретін Siri дауыстық көмекшісімен жабдықталған.

d'Alba White Truffle First Spray Serum спрей-сарысуы
Анаңыз әрдайым жас әрі әдемі болып көрінуі үшін оған хош иісті көктемгі гүлдермен бірге d'Alba White Truffle First Spray Serum спрей-сарысуын сыйлаңыз. Бұл көпфункциялы сұйықтық теріні ылғалдандырып, сау әрі жылтыр етеді және ерте қартаю белгілерімен күресуге көмектеседі. Теріні нәрлендіріп, сергітетін керемет құрал жануарларға сынақтан өткізілмеген және макияждың үстінен қолдануға да жарамды.