Паспорттағы фотосуретті ұялмай көрсету мүмкін бе? Алматының ең үздік фотосалонын іздеп көрдік.

Оқуға түсу, жұмысқа тұру немесе виза алу сияқты маңызды оқиғаларды байланыстыратын бір ортақ нәрсе бар — құжатқа арналған фото. 3x4 мөлшеріндегі шағын сурет жасау оңай болып көрінгенімен, нәтижесінде шыққан фотоны өзгелерден жасырып, оның бар екенін ұмытуға тырысып жатамыз. Құжатқа арнап сапалы әрі жағымды фото жасап бере алатын фотостудия табуға көп күш пен уақыт кетуі мүмкін. Ресурстарыңыз бен өз-өзіңізге деген сенімді сақтаймыз деп Алматының ең үздік фотосалонын іздеп, бәрімізге ортақ мәселені шешуді мақсат еттік.

Қала орталығында орналасқан бірнеше фотосалонды таңдап, қызметтерін объективті түрде бағалауға тырыстық. Бағалау критерийлері: сервис, жұмысшылардың кәсібилігі, студияның техникалық жабдықталуы, күту уақыты, басып шығару және фото сапасы, сондай-ақ ұсынылатын қосымша қызметтер мен бонустар.

Print & Paper Hub

Tatler Asia
Print & Paper Hub
IMAGE Print & Paper Hub
Print & Paper Hub

Алғашқы қадамнан-ақ түсінікті нәрсе — бұл жердің негізгі қызметі фото түсіру емес. Print & Paper Hub — полиграфиялық өнімдер сатылатын жер. Навигаторсыз табу қиын. Қызметкерлер жылы шырайлы болғанымен, қарапайым диванның жанына орналастырылған фотосессия аймағы ондай емес. Фотоға тұрып түсуге тура келеді. Жабдықтары да әлсіздеу. Мұндай жағдайда мінсіз кадр шықпайтыны анық.

Сапасы жағынан сурет ұялы телефонға түсірілген фотоға ұқсайды. Ретушь мүлде жоқ деуге болады. Жарық дұрыс қойылмағандықтан, бетте артық ақ дақтар мен көлеңкелер көп. Тері түсі сарғыш реңкке боялды. Фото жылтыр қағазға шықты, шамамен 15 минутта дайын болды, қарапайым пластик пакетке салып берді.

BLPRINT

Tatler Asia
BLPRINT
IMAGE BLPRINT
BLPRINT

BLPRINT «Лайф Таун» сауда орталығында орналасқан. Ғимараттың іші кең әрі таза. Қызметкерлері сыпайы және қонақжай. Бұл фотосалон фотосессия жасаудан бастап, кеңсе тауарлары мен 35 миллиметрлік фотопленка сатуға дейінгі әр түрлі қызметтерді ұсынады. Ақ фонмен, айнамен және шағын жарық құрылғыларымен қамтылған фотоға түсетін бұрыш бар.

Фотоның сапасы орташа. Ретушь аз байқалғанымен, түс ақаулары мен бетке, маңдайға түскен ақ дақтар анық көрінеді. Беттің сол жағында еміс-еміс көлеңке байқалады. Қою түсті киімнің детальдері мүлде жоқ. Фото күңгірт қағазға шықты. Төрт 3x4 фотоның бағасы — 1000 теңге, 5 минутта дайын болады, пластик пакетке, қырқылмаған күйде салып берді.

Елена

Tatler Asia
Елена
IMAGE Елена
Елена

«Елена» — пленка мен аналогты фотоаппарат сататын, ескі әрі шағын фотосалон. Іші қараңғы, тар. Егде жастағы, жылы шырайлы ер адам жұмыс істейді. Кәсіби жабдық жоқ, түсірілім ақ фон алдында тұрақты жарықтың көмегімен жүргізіледі.

Фото стилі салон сипатына сай — әрі бұдырлы, әрі жеңіл винтаж. Шебер тым көп ретушь жасап жіберген сияқты, әсіресе контраст жағынан. Моделіміз қуыршақ сияқты болып қалды, бірақ бұның да өзіндік тартымдылығы бар. Ақ дақ болмағанымен, киім жағасы аймағындағы көлеңкелер анық байқалады. Жылтыр қағазға шыққан суреттердің бір кемшілігі бар — кейбір жерлерінде көлденең жолақтар көрінеді. Екі 3x4 фотоның құны — 900 теңге, 10 минутта дайын болады. Шебер суретті құжатқа қажет өлшемге сәйкес қырқып, брендтелген қағаз конвертке салып береді.

Анна

Tatler Asia
Анна
IMAGE Анна
Анна

«Аннадан» фотопленка, сондай-ақ әр түрлі фотоальбом сатып алуға болады. Ішінде сыпайы ер адам жұмыс істейді. Фотосессия аймағы кассаның артында орналасқан. Кәсіби жабдықтары болмаса да, тұрақты жарық көзі пен шағын айнасы бар.

Құжатқа арналған фото жағымды, бірақ сәл бұлыңғыр болып шықты. Негізгі кемшілігі — мойын тұсында анық байқалатын көлеңкелер. Басып шығару сапасы қанағаттанарлық. Төрт 3x4 суреттің бағасы — 700 теңге. Суреттер бар болғаны 10 минут ішінде күңгірт қағазға шығып, мұқият бөлініп, зиплок пакетіне салынады.

Нұргүл

Tatler Asia
Нургуль
IMAGE Нургуль
Нургуль

«Нургуль» — Алматының тағы бір ескілеу фотосалоны, «Столичный» орталық гастрономының жанында орналасқан. «Елена» фотосалонымен салыстырғанда, мұндағы атмосфера біршама жайсыз. Іші қараңғы, ауа жоқ, қызметкерлер тарабынан жағымсыз мінез-құлқы байқалады. Тезірек сыртқа шығып кеткің еліп тұрады. Фотосессия жасайтын аймақ бар. Фотосалон бірнеше фон түрін ұсынады.

Фотосуреттерді жайсыз жағдайда 10 минутта күтуге тура келді. Төрт суретке 900 теңге төледік. Фотосалонның кемшіліктеріне қарамастан, фотосуреттер сапалы болып шықты. Дегенмен өңдеуден кейін макияж тым жарқын, тері шамадан тыс жарықтанғандай болып көрінеді. Ең қызығы – құжатқа арналған фотоны мінсіз қырқып берді. Тығыз жылтыр қағазға шыққан болатын, пластик пакетке салып берді.

iPrint

Tatler Asia
iPrint
IMAGE iPrint
iPrint

Кіреберістегі жарнама «фотосалон» дегенімен, iPrint типографияға көбірек ұқсайды. Ішінде жарық аз, ауа жоқ, ал қызмет көрсету баяу жүреді. Шағын фотосессия аймағы бар, алайда кәсіби жабдық байқалмайды.

Фотоның түстері өзгеше өңделіп шықты, бір сұрғылт реңк байқалады. Аздап винтаж стиліне ұқсайды. Бет пен маңдай аймағында ақ дақ анық байқалады. Дайын фотосуреттерді шамамен 15 минут күттік. Екі 3x4 фотоның бағасы — 750 теңге. Жылтыр қағазға жап-жақсы шыққан фотоларың жиектері дұрыс қырқылмаған болып шықты. Дайын суреттер пластик пакетке салып берді.

№21 фотосалон

Tatler Asia
Фотосалон №21
IMAGE №21 фотосалон
Фотосалон №21

Фотосалонның іші жағымды әрі жайлы. Мұнда түрлі жақтаулар, фотоальбомдар сатылады және оларды әрлеу қызметі ұсынылады. Ерекшелік деп келушілердің жоғалған не керексіз фотосуреттері мен басқа да ұсақ-түйек заттарға толы кәрзеңкені айтуға болады. Кәсіби жабдықталған, бөлек фотостудиясы бар.

Фотосурет жақсы шықты, түстері сәл қою болғаны болмаса. Киім жағасы аймағында білінер-білінбес көлеңке байқалады. Тез шығарып берді, бес минуттан аз уақыт ішінде. Екі суреттің құны 900 теңге болды. Жылтыр қағазға шыққан, құжатқа арналған фотоны бөлмей, пластик зиплок пакетіне салып берді.

Уау!

Tatler Asia
Вау!Фото
IMAGE Уау!
Вау!Фото

«Вау!Фото» ең үздік қызмет көрсететін жерлердің бірі болып шықты. Мұнда биік айна, түрлі косметика және киім тазалау құралдары бар. Қыз-жігіттер кәсіби жабдықты пайдаланып, фотоға бөлек студияда түсіреді.

Құжатқа арналған фото мінсіз, бірақ қымбаттау болып шықты — 8000 теңге. 5000, 10000 тұратын басқа да пакеттер бар. Мұндай фотоны 10-15 минут күтуге тура келді. Күтіп отырған кезде шай ішіп алуға болады. Фотосурет күңгірт фотоқағазға шығады, бөлінбейді, крафт конвертке салынады. Цифрлық нұсқасын бұлтты қоймадан жүктеп алу мүмкіндігі бар.

Темы