IMAGE Instagram @lorealparis

L'Oréal Paris Джиллиан Андерсонды амбассадор деп жариялап, жаңа Age Perfect жобасын таныстырды.

Джиллиан Андерсон L'Oréal Paris-дің жаңа жаһандық амбассадоры атанды. Ол 50 жастан асқан әйелдерді қолдауға бағытталған Age Perfect жарнамалық кампаниясына қатысады. Актриса: «Әйелдер қандай жаста болса да, қайталанбас сұлулыққа ие, алайда олардың қартаюы жайлы әңгіме қозғалғанда, бұл ұстаным ұмытылып кетіп жатыр» деп кез келген жастағы арулардың сұлулығы мен оның күшін кеңінен дәріптейді. Оның әлеуметтік белсенділігі француз брендімен ортақ құндылықтарға негізделген, сол себепті дәл осы лауазымға толықтай лайық болып отыр. 

Экранда қайсар әйелдердің бейнесін сомдайтын Джиллиан «Sex Education» сериалындағы сексолог әрі жалғызбасты ана, «The Crown» телехикаясындағы Маргарет Тэтчер, «The X-Files» жобасындағы ФББ агенті болып сан түрлі рөлдерде көрерменін баурай алған. Соңғысы 90-шы жылдары әйелдердің техникалық мамандықтарға жаппай бет бұруына ықпал етіп, «Скалли эффекті» деп аталған құбылысқа себепші болды. Джиллиан феминизм мен репродуктивті құқықтарды қорғауға бағытталған әлеуметтік ұйымдарды қолдайды. Ол – We және Want кітаптарының авторы. Біріншісі әйелдерге арналған нұсқаулық болса, екіншісі – әлемнің 174 әйелі бөліскен сексуалды фантазиялар жинағы.

«Джиллиан Андерсон қалыптасқан түсініктерге қарсы шығып, уақыт шегінен асып, батыл болуға шақырады», – деп түсіндірді L'Oréal Paris-дің халықаралық бас директоры Дельфин Вигье-Овасс.