Бірнеше Грэмми иегері Билли Айлиш төртінші парфюмін шығарды
Your Turn («Сенің кезегің» – Tatler) – Билли Айлиштің парфюм әлеміндегі төртінші туындысы. Бұған дейін ол Eilish, Eilish No. 2 және Eilish No. 3 парфюмдерін ұсынған болатын. Бірінші парфюмі Eilish-тың иісі қызыл жидектер, мандарин және мускуспен ашылса, Eilish No. 2 италиялық бергамот пен алма гүлінің балғын ноталарымен ашылып, папирус, қара бұрыш және жабайы дымқыл көкнәр гүлдерінің үйлесіміне ауысады. Eilish No. 3 – бұл еліктіретін хош иіс, грейпфруттан басталып, шафран мен шырша инесіне үйлеседі. Жаңа туындысы Your Turn – бергамот қабығы, кардамон және балғын зімбір, олар хош иіске серпінділік пен балғындық сыйлайды. Ортаңғы ноталарда барқыттай шабдалы, түнде гүлдейтін жасмин және кокос суы бар – бұл қоспа экзотикалық және нәзік реңк береді. Ал негізінде австралиялық сандал ағашы, жұмсақ мускус және Upcycled Sylvamber™ секілді терең әрі ұзақ сақталатын ингредиенттер кездеседі.


Құты мен дизайн
Жаңа парфюмнің құтысы да ерекше. Билли Айлиштің бұған дейінгі Eilish парфюмдері классикалық бюст түрінде жасалған болса,Your Turn заманауи, минималистік және андрогенді стильдегі сүйір қырлы дизайнмен ерекшеленеді. Парфюм күміс түсті, сүйір қырлы, сүйекке ұқсайтын ерекше құтыда ұсынылған.