Блогер Алтынай Урал (@altushee) екі күн бойы төсектен тұрмай бьюти-күнделік жазды

Бізде Bed Stories атты жаңа бьюти-рубрика пайда болды. Кейіпкерлеріміз өздерінің жан мен тәнге арналған жеке ритуалдарын төсектен тұрмай сипаттап жазатын мини-күнделік. Алғашқы кейіпкеріміз – Алтынай Урал (@altushee). Фотограф, стилист, табысты блогер әрі fashion & beauty lover. Алтынай Tatler-ге арнап екі күн бойы төсектен тұрмай бьюти-күнделік жазды.

Бірінші күн

Таң. Ұйқыдан тұрдым. Ұйықтап қалған жоқпын ба?

Жаңа күнді шай салтанатымен қарсы алу дейсіз бе? Олай да болады. Шыны-аяқ көңіл күйге жарасса болды. Darling On-The-Go маскасын қорқынышты түске толы түннен кейінгі алғашқы таза ауа жұтымына ұқсатамын (тағы да түнгі үшке дейін Netflix көрген кім екен?!).

Tatler Asia

Түс. Онлайн жұмыс.

Сағаттап композиция құрамын, жарық қоямын, әрбір салат жапырағын жалап-жұқтаймын... Инстаға арнап контент әзірлеп, шоколадқа оралудың қамы ғой. Мына виртуалды шындық пен нағыз өмірді сәл де болсын теңестірейін деп Loewe Earth хош иісін жұтамын. Парадокс па? Жоқ, ел алдына шығаратын дүнием мен шынайы тұлғам арасындағы тепе-теңдікті сақтау өнері деп ойлаймын.

Tatler Asia

Кеш. Жастық құшақтаған киноман.

Кубриктің данышпан екені анық. Алайда оның түнерген әлемдеріне қадам басу үшін алдымен Augustinus Bader кремін бірнеше қабаттап жағып алған жөн. Арым таза болу үшін. Ертеңгі бетім рахметін айта жатар. Тепе-теңдік, балақай.

Tatler Asia

Екінші күн

Таң. Оятқышпен күрес.

Тұра сала жарқырау? Бүгін олай болмайтын сияқты. Жастығымның астынан Medicube Age-R Ussera Deep Shot-ты алып шығып, төсектен тұрмай-ақ ісінумен күресемін. Жас кезде ерінбеу керек дегенді кім айтып еді? Ішкөйлегімді де шешпеймін, иә.

Tatler Asia

Түс. Сол сәтте.

Сыртта өмір қайнап жатыр, ал мен мұнда кітап оқып отырмын. Ирония ма? Олай да болуы мүмкін. Ирониядан гөрі саналы шешімге көбірек ұқсайды. Бүгінгі бағдарлама «Поэзия әлеміне саяхат» деп аталмақ. Әлдебіреу бос нәрсе деп айтып көрсін. Мұны өз-өзіме қамқор болу ритуалы деп білемін. Мен үшін ол – саябырлап, қолыма хош иісті Davines кремін жағып, дәл осы сәттің қызығын көру мүмкіндігі.

Tatler Asia

Кеш. Француздық көңілдесім.

Будуар кешіне бармақпын. Dress code: ашықтық қаншалықты көп болса, әдептілік соншалықты аз болуы керек. Және де, әрине, сол бір жанмен кездесуім. Жалғызым – Frédéric Malle ұсынған French Lover. Жалынды кеш болмақ.

Tatler Asia

Темы