Si Passione Eau De Parfum Intense иіссуы мен оның Алматыда өткен тұсаукесері жайлы оқи отырыңыз.

Armani Beauty бренді Si Passione Eau De Parfum Intense иіссуының жаңартылған нұсқасын ұсынды. Алматыда өткен іс-шара 2024 жылдың 5 желтоқсанында ұйымдастырылды. Оның концепциясы 81-ші Венеция кинофестиваліне негізделген. Шараның басты ерекшелігі – қызыл кілем мен «What makes your heart beat?» («Жүрегіңді дүрсілдететін не?») деген сұрақ жазылған фотозона. Кешке Айсұлу Азимбаева мен Чингиз Капин секілді актерлер, Даниял Қыдырбаев пен Айша Әділхан сынды блогерлер қатысты.

Бренд өкілдерінің айтуынша, Si Passione Eau De Parfum Intense иіссуы заманауи, нәзіктік пен қатаңдықты үйлестіре алған сезімге құштар әйелге арналған. Оның басты бағдары – жүрек қалауы. Ал иіссу дәл осы бағытта қанаттандыра түседі. Қазір өнімнің ресми амбассадоры ретінде «Өте оғаш істер» («Stranger Things») сериалындағы от шашты актриса Сэди Синк таңдалған.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Авторы

Фотография  

Тимур Эпов

Фотография  

Нурлыбек Нурселинов

Темы