Венециядан бастап Сахарадағы «таң нұрының» иісіне дейін: 2024 жылы қандай парфюмериялық туындылар шыққанын оқи отырыңыз.

Хош иістер әлемі өз ырғағымен өмір сүреді. Мұнда трендтер маусымдық сәнге тәуелді емес. Жаңа өнімдердің үздіксіз пайда болуы жұпар иіс әуесқойларын қуантып қана қоймай, кейде таңдаудың көптігімен бас айналдыруы мүмкін. Bottega Veneta әтірлерінің флаконы венециялық каналдардан құйылып шыққандай көрінсе, Byredo шөл даладағы күннің шығу сәтін шағын құтыға сыйдыра салған. Celine 60-шы жылдардың рухын қайта жандандырса, ал Acne Studios пен Frédéric Malle скандинавиялық ақ түндерді хош иіспен жеткізеді. Біз 2024 жылдың сән үйлері мен басқа да танымал брендтер ұсынған есте қаларлық үздік парфюмериялық туындыларды жинадық.

Bottega Veneta хош иістер топтамасы

Креативті директор Маттье Блази жетекшілігімен Bottega Veneta өзінің алғашқы парфюмериялық топтамасын ұсынды. Венециядан шабыт алған жинақ қайталанбас бес түрлі хош иісті қамтиды: Colpo di Sole, Come with Me, Acqua Sale, Déjà Minuit және Alchemie. Блази жасаған құтылар муран шынысын еске түсіретін толқынды бетімен ерекшеленеді. Әр флакон венециялық әйнек жасау стиліндегі дәстүрлі ауа көпіршіктерімен безендірілген. Флакондар Verde Saint Denis мәрмәрынан жасалған тұғырда ұсынылады, дәл сол материал Bottega Veneta дүкендерінде де қолданылады.

Tatler Asia

Byredo-ның Desert Dawn хош иісі

Desert Dawn — Byredo бренді ұсынған унисекс парфюм. Шөл далада арайлап атқан таңнан шабыт алған бұл әтірді Жером Эпинетт ойлап тапқан. Ағашты хош иістер тобына жататын композиция сергектік пен құрғақтықты үйлестірген. Тіпті шөлдің құрғақ ыстығы мен таңғы жылуын жеткізетіндей. Алғашында кардамон мен раушан жапырақтарының иісі сезілгендей болса, кейіннен сандал, балқарағай және сәбіз тұқымы бойыңызды баурайды. Ал өзегінде папирус, ветивер және жібектей мускус жұпары сақталған.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @officialbyredo

'Ôrebella парфюмериялық топтамасы

'Ôrebella — Белла Хадид негізін қалаған сұлулық бренді. Оның аясында төрт бірегей хош иіс ұсынылған: Window2Soul, Nightcap, Salted Muse және Blooming Fire. Әтірлер спиртсіз екі фазалы инновациялық формуламен жасалған. Firmenich және Robertet парфюмериялық үйлерімен серіктестікте дайындалған бұл хош иістер құрамында теріні ылғалдандыратын 'Ôrelixir кешені бар, оған қар саңырауқұлағының сығындысы мен қоректік майлар кіреді.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 Window2Soul | orebella.com
Фото 2 из 4 Nightcap | orebella.com
Фото 3 из 4 Salted Muse | orebella.com
Фото 4 из 4 Blooming Fire | orebella.com

Celine-нің Zouzou парфюмі

Celine-нің Zouzou хош иісі — Haute Parfumerie коллекциясының он екі әтірінің бірі. Оны жасарда креативті директор Эди Слиман 1960-шы жылдардағы жастар мәдениеті мен француз «жаңа толқынының» музаларынан шабыт алған. Бұл хош иіс «жасөспірім утопиясының» және «мәңгілік жастықтың идеалының» бейнесі ретінде танылған. Zouzou-дан карамель, бензоин, тонка бұршақтары, амбра, мускус, пачули және лабданум ноталарын аңғара аласыз. Бұл Celine-ге тән нәзіктікті алдыңғы қатарға шығарып, шығыстың әккі шеберлерінің туындалырын еске салады.

Tatler Asia

Acne Studios par Frédéric Malle

Acne Studios пен Editions de Parfums Frédéric Malle арасында алғашқы серіктестік нәтижесінде шыққан бұл парфюм шведтің ақ түндері мен Acne Studios брендіне тән нәзік қызғылт реңктерден пайда болған. Парфюмді Сюзи Ле Элле жасап шығарды. Оның құрамында альдегид, раушан, шегіргүл, апельсин гүлдері, ваниль, шабдалы, сандал ағашы, ладан мен мускус ноталары бар. Бұл — батыл әрі классикалық стильде жасалған ерекше хош иіс.

Tatler Asia

Merit бренді ұсынған Retrospect Extrait de Parfum

Retrospect Extrait de Parfum — Merit бренді ұсынған дебюттік парфюм. Парфюмер Фанни Баль бұл композицияны екі жыл бойы жасап, 200-ден астам нұсқаны қайта қараған. Әтірдің хош иісі күннің әр бөлігінде өзгереді: таңертең сергек, күндіз гүлді, кешке нәзік сезімдерге бөлейді. Оның концентрациясы өте жоғары, шамамен 30% және бұл стандартты көрсеткіштен екі есе көп. Парфюмді таныстыру үшін The Gentlewoman басылымымен бірлесіп, парфюмерия өнері мен оның естеліктермен байланысын зерттейтін арнайы кітап шығарылды.

Tatler Asia

Fendi хош иістер топтамасы

Fendi өзінің алғашқы жеті парфюмнен тұратын хош иістер топтамасын таныстырды. Бұл туындылар Fendi отбасы мен креативті директор Ким Джонстың естеліктерінен дүниеге келген деседі. Парфюмдерді Квентин Биш, Фанни Баль және Анн Флипо жасап шығарған. Әр хош иістің өзіндік тарихы бар: Casa Grande брендтің негізін қалаушыға, La Baguette әйгілі сөмкеге, ал Prima Terra Ким Джонстың Африкадағы балалық шағына арналған. Коллекцияны әзірлеуге екі жылдан астам уақыт жұмсалған. Айтпақшы, римдік стильдегі флакондарды қайта толтырып алу мүмкіндігі бар.

Tatler Asia
IMAGE fendi.com

Темы