IMAGE Clinique Redness Solutions

Сұлулық индустриясы соңғы онжылдықта күрделі өзгерістерге ұшырады

Сұлулық индустриясы соңғы жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. 2024 жылдың қазан айында әлем бойынша 5 миллиард адам әлеуметтік желіні пайдаланып, олардың 86%-ы белсенді қолданушылар қатарына енді. Әлеуметтік желілер адамдардың сұлулық өнімдеріне көзқарасын түбегейлі өзгертті. Бұрын тұтынушылар косметикалық дүкендерге барып, өнімдерді қолмен ұстап, көріп сатып алса, қазір көпшілік қажетті ақпаратты Instagram, TikTok сияқты платформалардан алады. Бұрын сұлулықтың бейнесі тек дәстүрлі журналдар мен теледидарлар көрсеткен бейнемен байланысты болса, қазір әлеуметтік желілер арқылы бұл түсінік кеңейіп, барлық жыныс, тері түсі, дене көлемі, шығу тегі және шаш түрлері сияқты әртүрлілікке үйреніп келеміз. 

Сұлулық инфлюенсерлері және әлеуметтік желілердің рөлі

Statista деректері бойынша, 2023 жылы миллениалдардың 50%-ы және Z буынының 83%-ы косметикалық өнімдерді инфлюенсерлердің кеңесімен сатып алған. Инфлюенсерлердің белгілі бір өнімді қолдануы тұтынушылардың сенімін арттырады. Неғұрлым сирек әрі табылуы қиын деген маркетинг слоганы берілсе, соғұрлым адамдар сол тауарға қол жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, мекемелердің айтуынша, әлеуметтік желідегі жарнама ең арзан әрі қолжетімді жарнамалардың түрі болып табылады. Яғни бір жарнаманы әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізіп, өнімді тек дүкеннің өзі орналасқан қаладағы адамдарға ғана емес, ғаламтор арқылы бүкіл әлемге сатуға болады.

Желі әсері және тұтынушының сенімділігі

Желілердің әсерімен Ботокс, филлерлер, бет тарту сияқты процедуралар танымал бола бастады. Бүкіл әлем бойынша шамамен 11 миллион адам Ботоксты қолданып көрген. Мысалы, Кайли Дженнердің пластикалық хирургінің айтуынша, 2015 жылы Кайли өзінің ерніне жасатқан инъекцияларынан кейін Instagram-да селфилер жариялап, бұл процедураның танымал болғанын атап өтті.

Instagram мен Zoom сияқты қосымшаларда көп уақыт өткізу арқылы адамдар өз келбеттеріне көбірек назар аударып, оны жақсарту жолдарын іздей бастады. Кейбір адамдар әжімдерді тегістеу үшін филлерлер мен Ботоксты қолданса, басқа адамдар бет тарту және көз қабағын көтеру секілді хирургиялық процедураларды көбірек тұтына бастады. 

Әлеуметтік желі арқылы таралған тағы бір күтім өнімі — күннен қорғайтын SPF кремі. Әсіресе дәрігерлер әлеуметтік желілер арқылы SPF кремді дұрыс қолданудың тері қатерлі ісігінің (рак - Татлер) алдын алу ретіндегі маңыздылығы туралы жиі айтады. 

 

Subscription box деп аталатын cұлулыққа жазылу қызметтері де танымал бола бастады. Тұтынушылар алдымен өз тері, шаш түрі және сұлулық қалауларына байланысты профиль жасайды. Профильге сүйене отырып, компания ай сайын жеке күтімге арналған өнімдерді таңдап, жіберіп отырады.

 

Әлеуметтік желілер сұлулық индустриясын жаңаша қалыптастырып, тұтынушыларға өнімдер мен күтім туралы ақпаратты қолжетімді етті. Дегенмен, бұл трендтер жаңа стандарттарға сай болу қысымын арттыруы мүмкін. Сұлулыққа сау және инклюзивті көзқарас қалыптастыру үшін шынайы бейнелерді насихаттау маңызды.

Темы