Эмоционалды глэм, БДСМ: ең жарқын жұлдызды бьюти-брендтер
Сұлулық индустриясы баяғыдан-ақ тым қатты молыққандай болып көрінеді: мұнда кез келген талғамға және бюджетке лайық өнімдер бар. Алайда бұл ойынға ай сайын жаңа ойыншылар кеп қосылып жатады, әсіресе, даңқын табысты бизнеске айналдыруды көздеген, атақты адамдар. Бірі вегандық, унисекс лак ұсынып, екіншісі ерін жылтырағы бар телефон қабын жасаса, басқасы әмбебаптық пен стильге баса назар аударады. Алайда бәріне бірдей табыс бұйыра бермейді: пайдасы не құндылығы жоқ өнімді жасаушысының танымалдығы да құтқара алмайды. Осы салада жетістікке жеткен жұлдыздардың тізімін жасадық. Құпиясы қарапайым: хайп пен вирустық қасиетке ие болған, әрине, жақсы нәрсе, алайда шынымен де пайдалы өнімге ештеңе жетпейді.
Fenty Beauty

Тыңдармандары жаңа альбом аңсаған сегіз жыл ішінде Рианна бизнес әлемін бағындырып үлгерді: Puma коллаборациялары, іш киім коллекциясы және косметика бренді. Fenty Beauty брендінің ерекшелігі — инклюзивтілік. 2017 жылы бренд іске қосылған кезде сұлулық индустриясында әр түрлі тері типтеріне арналған реңктер аз еді. Рианна бұл жағдайды түбегейлі өзгертті: аппақтан қоңырқай түстерге дейін қамтитын, 50 реңкті тоналды крем шығарды. Бұл жаңалық индустрия ережелерін өзгертті, басқа брендтер де осы бағытты ұстана бастады. Кейінірек Рианна бет пен дене күтіміне арналған өнімдерді және, 2024 жылы, шаш күтіміне арналған коллекция шығарды.