«Табысты СЕO-лар» мен басқа да бай-бағландарға арналған Aerie бункері $300 миллионға салынады.
Жер астындағы мұндай үйлерге кейінгі уақытта сұраныс та арта түсті. Мысалы, атышулы Ким Кардашьян 2021 жылы өз бункерін салуды бастаса, 2023 жылы Марк Цукерберг осындай нысандарға қызығушылығының барын айтып қалды. Одан бұрын 2007 жылы Том Круз Колорадо штатындағы үйінің астында бункер салуға $10 миллион жұмсаған-ды.
Енді дәл осы Aerie жобасына тоқталсақ. Оның идеясы SAFE клиенттерінің біріне қастандық жасалғаннан кейін жетілдіріле түскен. Қауіпсіздік жүйесінің құны $100 миллион болса да, сол бункердің тұрғыны оқтан аман қалмаған. Осыны меңзеген SAFE-тің негізін қалаушы Ал Корби: «Сіз әлемдегі ең ықпалды адамдардың бірі екеніңізді еш ұмытпаңыз! Сізге қауіпсіз баспана табу аса қиын болады», – деп қысқа қайырған еді.



