IMAGE Әділхан Ілиясов

ЮНИСЕФ-тің ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған тұңғыш қайырымдылық гала-кеші қалай өткені туралы әңгімелейміз

Маңызды бастамаларды қолдауға құштарсыз ба? Ендеше бұл іс-шара да назарыңыздан тыс қалмасын. 29 қараша күні Қазақстандағы ЮНИСЕФ The St. Regis Astana қонақ үйінде тұңғыш рет қайырымдылық гала-кешін өткізді. Ауқымды жобаға қатысқан қонақтар шын мәнінде зор бастаманың ажырамас бөлшегіне айналды. Романтикаға толы A Sky Full of Stars деген атаумен өткен кеш Астананың зиялы қауым өкілдерін жандандырумен қоса, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауға бағытталған цифрлық инклюзия бағдарламасына арнап 92 миллион теңге  жинауға қолқабыс етті.

Қонақтар арасында бизнесмендер, әртістер және балаларға арнап жарқын болашақ құрғысы келетін басқа да жандар болды. Ал ЮНИСЕФ ізгі ниет елшілері — Ninety One тобы, Астана Опера және балалар хоры солистері кештің сәнін кіргізді.

Әлем бойынша мұндай қайырымдылық кештер жиі өткізіледі, ал Қазақстанда биыл алғаш рет ұйымдастырылды.  Осылайша ЮНИСЕФ-тің бүкіләлемдік дәстүріне біздің елдің де қосылуы елеулі оқиға болды. Арнайы аукционда бірегей артефактілер мен өнер туындылары ел назарына ұсынылды. Ерекше лоттар арасында қазақтың аты аңызға айналған әншісі Бибігүл Төлегенованың коллекциясынан алынған шапан мен антология, қазақстандық суретші Зейнеп Түсіпованың картинасы, теннисші Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар ракетка және саны шектеулі DAMIANI коллекциясының сақинасы болды.

Кеш қонақтары үшін гала-кеш серіктестері ұсынған ұтыс ойындарына қатысумен қоса, дәмді тағамдардан ауыз тиіп, жайлы әңгіме-дүкен құруға бар жағдай жасалды.

Пилоттық өңірлерде іске қосылған цифрлық инклюзия бағдарламасы бүгінде нәтиже беріп үлгерген. 2021 жылдан бері көру қабілеті бұзылған 131 жасөспірім цифрлық дағдыларды меңгерсе, көз жанары сыр беруіне байланысты мүгедектігі бар тренерлер білім алып шыққан. Сонымен қатар қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған.

«Жиналған қаражаттың арқасында біз инклюзивті білім беру бағдарламаларын одан әрі қолжетімді етіп, әр бала өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз», — деп хабарлады ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар.

Бірлігі жарасқан халықтың мүмкіндігі де молая түсеріне тағы бір мәрте көз жеткізген кеш игі дәстүрді келер жылдары да үзбей өткізуге шабыт сыйлады. 

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 9
Фото 2 из 9
Фото 3 из 9
Фото 4 из 9
Фото 5 из 9
Фото 6 из 9
Фото 7 из 9
Фото 8 из 9
Фото 9 из 9

Авторы

Фотография  

Адильхан Ильясов