Жаңа бас редактордың тағайындалуы туралы ақпарат жақын арада жарияланады.

Жәмилә Әбілова 2025 жылдың қаңтарынан бастап бар күш-жігерін алдына қойған ізгі мақсаттарына, яғни отбасылық бизнесіне бағыттауды шешті. Бас редактор ретінде ол шығармашылық және ұйымдастыру процестерімен айналысты.

Tatler Kazakhstan командасы Жәмиләға еліміздегі сән мен мәдениетке ерекше көзқарас ұсынатын «жылтыр» басылымдар үшін жоғары стандарт қойған журналымыздың негізін қалауға зор үлес қосқаны үшін алғыс айтады. Tatler Kazakhstan журналының алғашқы саны екі тақырыпқа арналды – The Best of және The Most Influential. Осы шеңберде біз елдегі ең үздіктерді таңдап, Қазақстанның ең ықпалды адамдарын атадық.

Біз Жамиләға алға қойған барлық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда сәттілік тілейміз.

Жаңа бас редактордың тағайындалуы туралы ақпарат жақын арада жарияланады.