TikTok-тың Америкада қашан және не үшін жабылатынын біле отырыңыз.
Платформаның жұмысы тоқтайтыны туралы алғаш рет 2024 жылдың наурыз айында белгілі болды. АҚШ үкіметі TikTok платформасы америкалық азаматтардың жеке мәліметтерін жинау үшін қолданылуы мүмкін деп қауіптенді. Айта кетейік, бұл әлеуметтік желі Қытайдың ByteDance интернет-компаниясына тиесілі.
Федералдық заңға сәйкес, TikTok-тың америкалық бөлімі АҚШ-та тіркелген компанияға тиесілі болуы тиіс. Илон Маск бұл қосымшаны өзінің X әлеуметтік желісіне біріктіру мүмкіндігін қарастырған. Сонымен қатар видеоблогер MrBeast TikTok-ты сатып алуға ниетті екенін мәлімдеген. Алайда ByteDance өкілдері әлеуметтік желіні сату туралы ақпаратты жоққа шығарды.

2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап TikTok-ты App Store және Google Play арқылы жүктеу мүмкін болмайды. Сол күннен бастап TikTok-тың АҚШ-тағы 170 миллион қолданушысы қосымшаны ашқанда арнайы заң туралы ақпарат берілген сайтқа бағытталады. TikTok қолданушылары өз аудиториясымен қоштасып, RedNote платформасындағы аккаунттарын бөлісе бастады. Мысалы, TikTok-та 405 мыңнан астам жазылушысы бар @aehaunted аккаунты солай істеген.