IMAGE Фотограф: Николай Зверков

Tatler Kazakhstan ашылуына орай өткен салтанатты шараның айшықты сәттері мен мәртебелі меймандары жайлы оқи отырыңыз!

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Tatler Kazakhstan журналының ашылуына орай арнайы кеш өтті. Бұл шарада қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, медиа саласының мамандары, инфлюенсерлер мен шетелдік қонақтар бас қосты.

Меймандар босағадан аттай сала, сәні мен дәмі жарасқан тағамдардан ауыз тиіп, диджей Эльдар Хакимовтің музыкалық бағдарламасына куә болды. Ал кешкі ас кезінде нидерландық әнші Kovacs-тың орындауындағы соул шығармалары өнер ордасын ән қанатында тербеп әкетті. 

Қонақтарды қарсы алу рәсімінен кейін негізгі шара театрдың үлкен залында өтті. Мұнда көрермендерге Tatler журналының тарихы мен философиясына арналған қойылым ұсынылды. Көзі қарақты көрермен классикалық театр, заманауи хореография және мультимедиялық проекция элементтерінің айрықша үйлесімін қызықтады.

Tatler Asia
Tatler Asia

Бағдарлама барысында Tatler Kazakhstan журналының Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, Tatler Asia компаниясының бас директоры Мишель Ламуньер және бас редактор Жамиля Әбілова сөз сөйледі. Олар Tatler журналының Қазақстанда шығуының маңыздылығына тоқталды. Басылым Шығыс пен Батыс арасындағы диалог алаңы болатынына үміт білдірді.

«Әлемге әйгілі Tatler-дің бренд картасындағы жаңа нүкте Қазақстан болып отыр. Біздің ел Орталық Азия мен түркі әлемі қауымдастығының көшбасшысы атанып келеді. Менің ойымша, Қазақстан талант пен шығармашылық әлеуеті мол ел ретінде жаңа стандарттарды белгілеп, оларды дамытуға қауқарлы. Әрі әлемді сұлулық пен талғампаздықтың жоғары деңгейімен таң қалдыруға мол мүмкіндігі бар. Бір сөзбен айтқанда “трендтердің Темірқазығы” болуға шамамыз әбден жетеді».

– Тимур Турлов

Tatler Asia
IMAGE Мишель Ламуньер, Филиппо Ломбарди
Tatler Asia
IMAGE Карина Ысқақова, Гауһар Зайтбекова, Мика Барни
Tatler Asia
IMAGE Ксения Соловьева, Николай Усков

Кештің серіктестері ретінде Bulgari, Altyn Bank, Mastercard, Bayou Villas, сондай-ақ Don Julio премиум текила брендін ұсынған Райымбек компаниясы атсалысты.

Осылайша Tatler Kazakhstan-ның ашылу кеші қазақстандық медиа мен мәдениет саласындағы жаңа кезеңнің басталуына жол салды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 67 Айжан Тұңғышбаева, Жамиля Әбілова, Гауһар Әбіқаева
Фото 2 из 67 Мадина Сүлейменова
Фото 3 из 67 Жәмиля Әбілова
Фото 4 из 67 Данара Темірғалиева
Фото 5 из 67 Данара Темірғалиева, Мария Подгорбунская
Фото 6 из 67 Ксения Шенцова
Фото 7 из 67 Ботагөз Қуанышева
Фото 8 из 67 Ақжан Смағұлова
Фото 9 из 67 Юлия Тулеу
Фото 10 из 67 Алена Шенесары, Жанна Ревшанова
Фото 11 из 67 Әсел Сұлтанғалиева
Фото 12 из 67 Мария Подгорбунская, Юлия Қанатбекова
Фото 13 из 67 Елена Есполова
Фото 14 из 67 Диана Павлова-Манюшите
Фото 15 из 67 Гауһар Қаппарова
Фото 16 из 67 Илья Яковлев, Марина Яковлева
Фото 17 из 67 Ғазиза Шабдарбаева
Фото 18 из 67 Айман Сәрсенова, Елена Майтекова, Ғазиза Шабдарбаева, Шолпан Сәрсенова
Фото 19 из 67 Диляра Айдарбекова, Арманжан Байтасов
Фото 20 из 67 Зарина Әбдіқасымова, Райхан Ниязова, Мәншүк Кәрім
Фото 21 из 67 Диана Тілеулиева
Фото 22 из 67 Әсел Ценова, Жәмиля Әбілова, Айман Байтасова
Фото 23 из 67 Константин Окутин, Елена Окутина
Фото 24 из 67 Александр Воротилов пен Татьяна Шумилина
Фото 25 из 67 Аида Бимурзаева, Светлана Әбдірахманова
Фото 26 из 67 Анатолий Побияхо қонақпен
Фото 27 из 67 Гүлнар Чайжүнісова, Мария Подгорбунская, Сәуле Рахмедова
Фото 28 из 67 Гүлнар Чайжүнісова
Фото 29 из 67 Меруерт Әбдір
Фото 30 из 67 Хабиба Люхудзяева, Гүлнар Чайжүнісова
Фото 31 из 67 Питер Фостер, Анатолий Побияхо қонақпен, Тимур Төлеу
Фото 32 из 67 Баян Қаниева, Айгүл Ибраимова, Зере Қаниева
Фото 33 из 67 Әсел Шодиева
Фото 34 из 67 Сергей Лукьянов, Елена Турлова, Тимур Турлов
Фото 35 из 67 Жанель Бертаева, Валерия Рахметжанова
Фото 36 из 67 Ольга Комиссар
Фото 37 из 67 Жамиля Әбілова, Әйгерім Жұмаділлаева, Сабина Қалқабаева, Аида Іңкәрбаева
Фото 38 из 67 Мария Веселова, Бота Скакова, Заррина Сламкулова, Вера Зенковская, Евгения Мельникова
Фото 39 из 67 Мария Веселова, Вера Зенковская
Фото 40 из 67 Вера Зенковская, Заррина Сламкулова
Фото 41 из 67 Вера Зенковская, Бота Скакова
Фото 42 из 67 Ксения Соловьева, Михаил Друян
Фото 43 из 67 Ания Латыева, Аида Бимурзаева
Фото 44 из 67 Эльдар Хакимов
Фото 45 из 67 Андрей Артемов, Олеся Белович
Фото 46 из 67 Жама Нұрқалиева
Фото 47 из 67 Дмитрий Викулин, Жамиля Әбілова, Андрей Артемов, Герман Ларкин
Фото 48 из 67 Лилия Рах
Фото 49 из 67 Мәншүк Қуанышева, Ксения Шипилова
Фото 50 из 67 Райхан Ниязова, Карина Ысқақова
Фото 51 из 67 Николай Усков
Фото 52 из 67 Эльдар Хакимов
Фото 53 из 67 Лилия Рах
Фото 54 из 67 Михаил Друян
Фото 55 из 67
Фото 56 из 67
Фото 57 из 67
Фото 58 из 67 Мишель Ламунье, Жәмиля Әбілова
Фото 59 из 67
Фото 60 из 67
Фото 61 из 67
Фото 62 из 67
Фото 63 из 67
Фото 64 из 67
Фото 65 из 67
Фото 66 из 67 Kovacs тобы
Фото 67 из 67 Kovacs тобы
Эльдар Хакимов

Барлық фотосуреттерді төмендегі сілтемелер арқылы таба аласыз:

Фото: Тимур Эпов

Фото: Влад Семенов

Фото: Любовь Шеметова

Фото: Николай Зверков

Темы