Tatler Kazakhstan-ның ашылуына арналған кеш қонақтарымен Мөлдір Матжанова әңгімелесті
4 желтоқсан кешінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Tatler Kazakhstan-ның салтанатты тұсаукесері дүркіреп өтті. Еліміздегі глянц журналистикасының жаңа дәуірінің басталғанын атап өтуге арналған ерекше кеш сән, өнер және бизнес саласындағы талғамы биік тұлғалардың басын қосты.
Ақылына көркі сай инфлюенсер, «Мискузи Боул» подкастының авторы Мөлдір Матжанова кештің арнайы репортёрі болды. Салтанатты іс-шара барысында қонақтар Tatler-дің мәні мен маңызына қатысты өз ойларын ортаға салды. Есте қалған ең ыстық глянц оқиғаларын баяндаған меймандар әсем кештер қандай болатыны туралы пікірлерін бөлісті.