IMAGE Фотограф: Виктор Демин

Дэвид Линч: «Мен данышпанмын. Әр данышпанның өзіне тән оғаштықтары болады. Маған, мысалы, крематорийден шыққан түтінді тамашалаған ұнайды».

2025 жыл қайғылы хабардан басталды. Бүгін 78 жасқа қараған шағында америкалық режиссер Дэвид Линч өмірден озды. Туыстары әлеуметтік желілерде: «Біз отбасымызбен қайғыра отырып, ұлы тұлға әрі өнер адамы Дэвид Линчтің қайтыс болғаны туралы хабарлаймыз. Осы сәтте бізді мазаламауыңызды сұраймыз. Жер-дүние қақ айырылғандай күн кешіп отырмыз, өйткені ол кісі енді арамызда жоқ. Бірақ, өзі айтқандай, «Бәліштің ортасындағы ойығын емес, өзін бақылаңыз». Бүгінгі күн ғажап, алтын күн ашық аспанның төрінде отыр».

Режиссердің неден қайтыс болғаны айтылған жоқ, алайда жақында Дэвид Линчке эмфизема диагнозы қойылған болатын (тыныс жолдары дерті).

The Elephant Man, Blue Velvet, Twin Peaks, Mulholland Drive – культтік сипатқа ие болған классикалық фильмдер әрі синефилдердің махаббаты. Режиссер «Оскар» ала алмай кетсе де (төрт номинацияға ие болғанымен), кинематографқа қосқан үлесі үшін лауреат атанды. Көпшіліктің ықыласына бөленіп, ондаған номинацияның (BAFTA, «Эмми», «Алтын глобус») жеңімпазы атанған режиссердің басты сыйлықты алмағаны мансабының лейтмотиві сынды. Дэвид Линч – өз заманынан ерте туған адам. Киноға деген эксперименталды тәсілі де уақыт өте келе ғана мойындалған бірқилы визионер.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 The Elephant Man | imdb.com
Фото 2 из 4 Blue Velvet | imdb.com
Фото 3 из 4 Twin Peaks | imdb.com
Фото 4 из 4 Mulholland Drive