IMAGE Blue Origin

Бұл 1963 жылы Валентина Терешкованың жалғыз өзі ғарышты бағындыруынан кейінгі алғашқы әйелдер экипажының алыс сапарға шығуы болмақ

Экипаж құрамында Blue Origin иесі Джефф Безостың қалыңдығы және журналист Лорен Санчес, поп-жұлдыз Кэти Перри, CBS тележүргізушісі Гейл Кинг, кәсіпкер және NASA зымыран жасап шығару құрылысының бұрынғы маманы Айша Боу (Aisha Bowe), биоастронавтика маманы Аманда Нгуен және кинопродюсер Керианн Флинн бар.

Blue Origin компаниясының мәлімдеуінше, бұл 1963 жылы Валентина Терешкованың жалғыз өзі ғарышты бағындыруынан кейінгі бірнеше әйелден құралған алғашқы экипаждың ғарышқа сапарлауы. 

New Shepard зымыраны Техас штатындағы Ван Хорн қаласынан солтүстікке қарай 30 миль жерде орналасқан компанияның ғарыш айлағынан ұшады. Бұл сапардың ұзақтығы 11 минутқа созылады, ал ғарыш кемесі теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктікке көтеріледі деген болжам бар. Осылайша, Карман сызығын – атмосфера мен ғарыш арасындағы шартты шекараны кесіп өтеді.