Мелания Трамп Ақ үйдің ресми портреті үшін жаңа кейіпте бой көрсетті
27 қаңтарда Ақ үй АҚШ-тың Бірінші ханымы Мелания Трамптың Дональд Трамптың екінші президенттік мерзіміне арналған ресми портретін жариялады. Суретті бельгиялық фотограф Режин Махо түсірген.
Қара-ақ фотосуретте Бірінші ханым Dolce & Gabbana-ның қатаң стильдегі смокингінде нық әрі сенімді кейіппен кадрға тік қарап тұр. Ол алға еңкейіп, Президент кеңсесіндегі жұмыс үстеліне сүйеніп тұр. Артқы фонда биліктің символы ретінде Вашингтон монументі мен мұндалайды. Ресми әрі іскерлік стильдегі осы бір портрет оның 2017 жылғы түрлі-түсті фотосынан мүлдем өзгеше, тіпті қарама-қайшы әсер беретіндей. Ол кезде Меланияның жүзі әлдеқайда жұмсақ әрі жылы болған ба дерсіз...