IMAGE Рафаэлла Петрини | Angelicum

Монах әйел Рафаэлла Петрини Ватикан губернаторы лауазымындағы ер адамның орнын баспақ

Жақында италиялық Nove телеарнасына берген сұхбатында Папа Франциск монах әйел Рафаэлла Петрини Ватикан губернаторы болатынын хабарлады. Петрини жұмысқа наурыз айында кіріседі. Бұл шешімді тарихи оқиға деуге болады, өйткені қала-мемлекеттің негізі қаланғаннан бері Ватикан губернаторы лауазымына тек ер адамдар ғана тағайындалатын. «Әйел адамдардың Куриядағы (қалалық кеңес – Tatler) жұмысы әрі баяу, әрі тиімді өсті. Қазір мұнда әйел адамдар көп», – деді Папа.

Бұған дейін Курияда жоғары лауазымға ие болған алғашқы әйел адам Симона Брамбилла еді. Брамбилла Папалық Тақ ведомстволарының біріне – Арнаулы өмір және апостолшыл өмір қоғамдары департаментіне префект болып тағайындалған болатын.