Сток-кескіндер нарығының көшбасшылары Getty Images Holdings, Inc. атты жаңа компания құру үшін бірге жұмыс істемек.
Сток-кескіндер индустриясының екі алпауыты – Getty Images пен Shutterstock бірігетіндерін жариялады. Бұл туралы Getty Images компаниясының бас атқарушы директоры Крейг Питерс ресми хатында мәлімдеді. Жаңа компания Getty Images Holdings, Inc. деп аталмақ. Неге бұлай болғанын енді тарқатып айтайық.
Бірігудің басты мақсаты не?
Крейг Питерстің айтуынша, «тұтынушыларға қажетті контентті зияткерлік меншік құқықтарын бұзбай, уақыт пен бюджет тұрғысынан тиімді түрде ұсыну» басты мақсаты болып отыр.
Қандай өзгерістер күтіп тұр?
Бұл бірігу сток-кескіндер индустриясының құрылымын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Екі жетекші компанияның ресурстары мен технологиялары бірігіп, клиенттерге қолжетімді контент көлемін арттыру және жаңа контент пен технологияларға инвестиция көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
Келісімнің ерекшеліктері
Жаңа компанияның құны шамамен 3,7 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Келісім реттеуші органдар мен екі компания акционерлерінің мақұлдауын қажет етеді. Қосылу процесінің нақты аяқталу мерзімі әлі жарияланған жоқ. Компаниялар клиенттерді барлық өзгерістер туралы хабардар етіп, жаңа құрылымға біртіндеп көшуді қамтамасыз етуге уәде берді. Бірігу аяқталғанға дейін Getty Images пен Shutterstock қызметтері өзара тәуелсіз жұмысын жалғастырады.