Tatler Kazakhstan мұқабасында – кутюрье Ульяна Сергеенко, нөмірдің басты тақырыбы – гастрономия өнері
Tatler журналының ақпандағы нөмірі жуырда сатылымға шығады. Басты кейіпкер – кутюрье Ульяна Сергеенко. Сонау Мәскеу мен Парижде табысты мансап құра білген Өскемен қаласының тумасы мұқабаға арналған фотосессия үшін Алматыға келді. Түсірілім Қазақ мемлекеттік циркінің аренасы мен «Медеу» биік таулы мұз айдынында өтті.
Tatler Kazakhstan-ға берген сұхбатында ол париждік Haute Couture әлемінде істеген жұмысы, жаңа коллекциясы және Өскеменде өткен балалық шағы туралы әңгімеледі. Жуырда Ульяна өзінің жаңа кутюр коллекциясын Алматыда ұсынбақ. Тағатсыздана күтеміз!

Ақпан айындағы нөміріміздің басты тақырыбы – гастрономия өнері. Tatler Kazakhstan редакциясы еліміздің ең үздік 50 мейрамханасы бойынша үлкен гид құрды. Оны жыл сайын жаңартып отырамыз. Сондай-ақ журналдан теңіз деликатестері алдыңызға қалай келетіні және «Мишленнің» Қазақстанды қашан қамти бастайтыны туралы біле аласыз. Жаңа нөмірімізде бар басқа да қызықтар: Tatler Kazakhstan-ның ашылуына орай ұйымдастырылған кеш, Жар Зардыханның саясаткер Дінмұхамед Қонаевтың жеке өмірі туралы жазған эпосы және Жапонияның аспаздық байлығына құрылған құпия гид.