Tatler мақтанышпен Қазақстандағы алғашқы баспа нөмірін ұсынады

Қазақстанда алғаш рет ең көне «жылтыр» журналдардың бірі — Tatler шыға бастады. Дебюттік нөмірімізде біз Tatler Asia-ның екі басты тақырыбын негіз қылып алдық — The Best of және The Most Influential. Бұл нөмірде біз елімізде бар ең жақсы, мақтануға тұрарлық нәрселерді жинап Қазақстандағы ең ықпалды адамдардың тізімін жасадық. Алайда бұл тізімде саясаткерлер жоқ (бұл жерде бізсіз де бәрі белгілі деп ойлаймыз).

The Best & Most Influential of Kazakhstan

Нөмір бірнеше санаттан тұратын тізімдер принципі бойынша құрылған. Филантроптар мен кәсіпкерлерден бастаймыз. Басты материалымыз — Нұрлан Смағұловтың ел көптен күткен Almaty Museum of Arts пен өнерге деген сүйіспеншілігі туралы сұхбаты. Келесі ірі бөлім — гастрономия. Мұнда біз ресторандар, шеф-аспаздар және рестораторлар туралы әңгімелейміз.

Tatler Asia

Қазақстан сәні

Бұл бөлімдегі оқып шығуға тұрарлық материал — Тим Ильясовтың Қазақстан сәні әлемі туралы мақаласы. Материал аясында Тим индустрияның негізгі мәселелерін анықтап, сарапшылармен пікір алмасып, қысқаша тарихи шолу жасап, басты тұлғаларды — The Most Influential адамдарды айқындады. Мақала жарқын фразамен аяқталады: «Қазақстандық киімді кию беделді бола бастады».

Мәдениет

Мұнда біз талантты режиссерлер, актерлер және музыканттар туралы әңгімелейміз. Тек танымал классиктерді ғана емес, Катерина Суворова мен Айсұлтан Сейітов сияқты жас таланттарды да бөліп көрсетеміз. Сонымен қатар біз жақында ғана стендап-концерттер сериясын іске қосқан актер Данияр Алшынов пен әлемнің басты техно-клубтарында өнер көрсететін диджей Нәзира Қасеновамен сұхбаттастып үлгердік.

Tatler Asia

Cover Story

Дебюттік нөміріміздің мұқабасында — Бибісара Шәріпова. Қазақстандық модельдер туралы сөз қозғағанда ойға ең бірінші болып осы есім келеді. Бибі Нью-Йоркте мансап құрып, Maybelline, Uniqlo, Etam, Gap брендтерінің бет-бейнесіне айналды. Модель Tatler-ге Нью-Йорк қаласының «қиял фабрикасындағы» өмір мен арманның артында не тұрғанын айтып берді.

Өнер

Желтоқсан айының соңында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының ашылуы болмақ. Николай Усков оның негізін қалаушы Қайрат Боранбаевпен, сондай-ақ орталықтың директорлары — Джама Нұрқалиева мен Алима Қайратпен сұхбаттасты. Сонымен қатар биылғы жылдағы өнерге арналған материал бар, онда ең жарқын суретшілер мен олардың көрме жобаларының тізімі ұсынылған.

Нөмірді Kaspi Дүкенінен, Ozon, Flip сайттарынан және Marwin дүкенінен сатып алуға болады.

Темы