IMAGE Instagram @theroyalfamily

Анна Винтур көзілдірігін шешіп, сұр түсті шақпақ Alexander McQueen костюмін киіп, патша отбасына құрмет көрсетті

Ұлыбритания королі III Карл Анна Винтурды Құрмет Кавалері орденімен марапаттады. Vogue журналының бас редакторы сән әлеміне қосқан үлесі үшін дама титулына ие болды. Марапаттау рәсімі дәстүрге сай Букингем сарайында өтті.

Анна Винтур іс-шараға сұр түсті шақпақ Alexander McQueen костюмін киіп барды. Қызығы, шақпақ матаның патша отбасы стиліндегі орны бөлек болса керек, ал МакКуин – Британ империясы орденінің командоры. Кейт Миддлтон, Диана ханшайым және Меган Маркл да осыған ұқсас костюм киген болатын.

Аты аңызға айналған тілшінің образын одан әрі толықтырған детальдар – қызыл күрең түсті тасы бар алқа мен культтік сипатқа ие болған күнге киетін көзілдірігі. Көзілдірігін шешіп, патшаға күлімдей қараған Винтур елді аң-таң қылды. Бұрын-соңды болмаған жайт, әрине.

«Мұнда соңғы рет келгенімде патшайым маған медаль табыстап, екеуіміздің іске тым беріліп кеткенімізді айтқан болатын. Бүгін таңертең патша менен: «Жұмысыңды тоқтатпақшысың ба?» – деп сұрады. Мен «жоқ» деп жауап бердім», – дейді Винтур.

2017 жылы II Елизавета ханшайым Анна Винтурды сән мен журналистика салаларына қосқан үлесі үшін дама атаған болатын.