IMAGE tesla.com

Tesla-ның «unsupervised» Full Self-Driving (FSD) технологиясына негізделген роботаксилері жүргізушісіз, толық автономды режимде жұмыс істейді

Tesla өз тарихындағы ең үлкен қадамдарының бірін жасамақ: 2025 жылдың маусымында Техас штатының Остин қаласында алғашқы толық автономды роботакси қызметін іске қоспақ. Бұл жоба – Илон Масктың жылдар бойы уәде етіп келе жатқан болашақ көлік жүйесінің шындыққа айналуына жасалған нақты қадам.

Tesla-ның «unsupervised» Full Self-Driving (FSD) технологиясына негізделген роботаксилері жүргізушісіз, толық автономды режимде жұмыс істейтін болады. Компания 2024 жылдың соңынан бастап Остиннің жергілікті билігімен және төтенше жағдайлар қызметімен келіссөздер жүргізіп, жаңа көлік түрінің инфрақұрылымға интеграциясын қамтамасыз етіп жүр. 

Tatler Asia
IMAGE tesla.com
Tatler Asia

Илон Маск бұл жобаны бастапқыда шағын көлемде іске қосып, кейін біртіндеп кеңейтуді жоспарлап отыр. 2025 жылдың соңына дейін роботакси қызметі АҚШ-тың бірнеше қаласына таралмақ, ал 2026 жылы Солтүстік Американың барынша көп бөлігін қамту көзделіп отыр.

Сонымен қатар Tesla роботакси қызметі үшін арнайы Cybercab деп аталатын жаңа көлік түрін әзірлеп жатыр. Бұл көліктің ең басты ерекшелігі сол, оның рөлі мен басқышы мүлдем болмайды. Cybercab-тың алғашқы нұсқасы 2024 жылдың қазанында таныстырылған, ал оның жаппай өндірісі 2026 жылы басталмақ.