IMAGE Алексей Поутанен | Аальто университеті, 2024)

Nokia Design Archive-тің тарихи маңызы, мәдениетке қосқан үлесі және дизайн индустриясына ықпалы туралы баяндаймыз.

Аалто университеті Хельсинки өнер және дизайн университеті, Хельсинки политехникалық институты және Хельсинки экономика жоғары мектебі секілді Финляндиядағы үш беделді оқу орнының бірігуінен құрылған. 2025 жылдың 15 қаңтарында университет Nokia Design Archive деп аталатын цифрлық платформаны іске қосады. Бұл – әлемдегі ең ықпалды технологиялық компаниялардың бірі болған Nokia-ның дизайндары мен идеяларын сақтауға арналған онлайн мұрағат. Бұл жобаның ерекшеліктері, оның бастамашылары және архивтің қажеттілігі туралы біз айтып берейік.

Архивке не енді?

Nokia Design Archive-ке 1990 жылдардың ортасынан 2017 жылға дейінгі 700-ден астам жазба іріктеліп енгізілген. Онда әйгілі классикалық мобильді телефон модельдерін (мысалы, Nokia 3310) және сирек кездесетін прототиптерді жасау процестері егжей-тегжейлі сипатталған. Сонымен қатар онда QR-кодтардың, толықтырылған виртуалды технологияның, wellness-құралдарының және басқа да инновациялардың пайда болу тарихы қамтылған. Мұрағатқа эскиздер, жарнамалық материалдар мен шығармашылық идеялар жинағы да енген. Мұнда шамамен 20 000 зат туралы ақпарат сақталған, ал деректер көлемі бір терабайтқа жуық цифрлық мәліметті құрайды.

Tatler Asia
IMAGE Aleksi Poutanen | Aalto University, 2024

Адамдар және олардың үлесі

Nokia Design Archive — тек финн корпорациясының өнімдері туралы емес, сол өнімдерді жасаған адамдар туралы жоба. Оған дизайн, менеджмент және мәдениеттану саласының мамандары атсалысқан. Олар компания идеяларының заманауи әлемге қалай ықпал еткенін, сондай-ақ мәдени контекст пен тұтынушылар қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды болғанын түсіндіруге тырысқан.

Tatler Asia
IMAGE Aleksi Poutanen | Aalto University, 2024
Tatler Asia
IMAGE Aleksi Poutanen | Aalto University, 2024

Мұрағаттың қажеттілігі

Nokia Design Archive — дизайн және тұтыну мәдениетін зерттеуге арналған керемет құрал. Әлемнің кез келген жерінен қолжетімді бұл база бірнеше онжылдықтың құнды ақпаратын қамтиды. Оның көмегімен ғаламдық нарыққа әртүрлі трендтердің әсерін, ірі компаниялардағы дизайн мен басқа да процестердің рөлін оңай бағалауға болады.

Темы