IMAGE Үлкен Мысыр музейі, Гиза, Египет | Getty Images

Гиза музейінің аумағы Луврдан екі есе үлкен. Сәулеті мен артефактілері арқылы «сегізінші керемет» атанған нысан туралы мақаламыздан оқи отырыңыз.

Үлкен Мысыр музейінің ресми ашылуы 2025 жылғы 3 шілдеге жоспарланған. Қазіргі уақытта туристік нысан сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Басты көрме залдары келушілер үшін әлі ашылған жоқ. Бұл залдарда Тутанхамонның қабірінен алынған бес мыңнан астам жәдігер мен ұзындығы 44 метрлік Хеопс күн қайығы қойылған. Музейдің құрылысы 2002 жылы басталған, жоба құны – 1 миллиард доллар.

Егер бұл жерге баруды жоспарласаңыз, ұзақ мерзімді сапарға дайын болған жөн. Мұндағы экспонаттарды бірнеше күнде тамашалап шығу мүмкін емес. Нысанның жалпы аумағы 500 мың шаршы метрді құрайды, осылайша ол әлемдегі ең үлкен музей болмақ. Ғимараттың сәулеті геометриялық пішіндерге негізделген, ал шатырын қаптауға қолданылған элементтер жақын маңдағы Хеопс, Хефрен және Менкаур пирамидаларының шыңдарын меңзейді. Айта кетейік, Хеопс пирамидасы – ежелгі әлемнің жеті кереметінің ішінде бүгінге дейін сақталған жалғыз мұра.

Музейдің ішкі жарықтандырылуы Көне Мысыр атмосферасын береді: жарық бәсеңдетілген, ал күн сәулесі ғимаратқа шағын терезелер арқылы түседі. Ғимарат 12 үлкен залға бөлінген, олардың әрқайсысында 100 мыңнан астам тарихи жәдігер орналасқан. Сонымен қатар келушілерді түрлі интерактивті бұрыштар, қызықты экскурсиялар және алып мүсіндер күтіп тұр.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Гизадағы Үлкен Мысыр музейі, Египет | Getty Images
Фото 2 из 3
Фото 3 из 3