Mercedes-Benz электр көліктерге арналған жаңа типтегі күн батареяларымен жабдықталған бояуды зерттеп жатыр
Неміс автокөлік өндірушісі 2029-2034 жж. аралығында күн батареяларымен жабдықталған инновациялық бояуды жариялаймыз деп отыр. Фотоэлектрлік нанобөлшектерден тұратын бояу күннің 94%-н өткізіп, оны электр энергиясына айналдырады. Компания тек эстетиканы көздемейді, сонымен қатар бұл технология электр көліктері иелерінің психикалық денсаулығына да оң әсерін тигізуі мүмкін. Себебі электр көліктерді қуаттау мәселесінің үлкен алаңдаушылық туғызатыны белгілі.
Бояу түрлі-түсті болуы мүмкін, бірақ қара түс күнді тезірек сіңіретіндіктен, оған сұраныс көп болуы ықтимал. Қазіргі уақытта технология зерттеу және тестілеу сатысында. Болашақта бұл технология тек Mercedes-Benz көліктеріне ғана емес, басқа брендтер, автобус және жүк көліктері үшін де тиімді болып, көлік индустриясын түбегейлі өзгертуі мүмкін.