Dyson құлпынай түстес қола және нәзік қызғылт түсті шаш күтіміне арналған эксклюзивті құрылғылар сериясын ұсынады.
Dyson компаниясы өз өнімдерін дайындау барысында құрылғыларды жобалау және тестілеу процестерінің күрделілігін айқындайтын түстерді тексере отырып, өз зерттеулері негізінде әзірлейді.
Жоғары сапалы пигменттерді зерттеп, оларды жаңа түске боялған Dyson Beauty құрылғылары коллекциясын жасау үшін арнайы мамандардан құралған команда Ұлыбританияның ауылды жерінде орналасқан Dyson фермер қожалығына жол тартып, сол жерде өсетін құлпынайдан арнайы пигмент алыпты.
Айтпақшы, компания жыл сайын 1 225 000 көшет құлпынай шығарады, оны әдетте Ұлыбритания дүкендерінен сатып алуға болады. 15 акр жерді алып жатқан жылыжайдың арқасында компания құлпынайды жыл бойы өсіре алады. Жылыжай өсімдік өсіру қалдықтарын энергияға айналдыратын анаэробты пісіру қазанын қамтитын, инновациялық шеңберлік процесінің көмегімен жылытылады. Піскен құлпынайды оның сапасы мен жетілгендігіне талдау жасайтын роботтар жинайды.
Бірегей түсті іздеу жұмыстары құлпынайдан шыққан табиғи бояу басқа материалдармен өзара әрекеттескенде түрлі реңктер пайда болатынын зерттеген команданың ізденістерінен бастау алады.
Ақыр соңында таңдалған түс — толассыз зерттеу нәтижесінің жемісі: бір ғана құлпынайдан қызғылт, қызыл, шабдалы түстес және қызғылт сары сияқты көптеген реңк шықты. Ал бұлардың қосындысынан бірегей әрі жарқын құлпынай түстес қола және нәзік қызғылт түстер пайда болды.
Құрылғылардың өңделмеген жақұт тәріздес, көк түсті батырмалары қызғылт түспен жақсы үйлесіп, технологияның негізгі элементтерін айқындайды.
Осылайша құрамына Dyson Airwrap™ стайлері, Dyson Airstrait™ және Dyson Corrale™ шаш түзулегіштері, сондай-ақ Dyson Supersonic Nural™ фені кіретін Dyson коллекциясы жарық көрді.
Мына сілтеме арқылы Dyson фермерлігі туралы көбірек білуге болады.
Dyson Airwrap стайлері
Шашты сәндеу жылдам әрі жеңіл болуы үшін Dyson-ның Airwrap жүйесі жаңартылды. Бір ғана құрылғының көмегімен алуан түрлі шаш үлгісін жасауға болады: бұйралау, ырыққа көнбейтін шашты жатқызып, стиль мен пішін беру. Шашыңызды еш күйдірмей сәндеп, құрылғымен бірге келетін қондырмалардың бәрін қолданыңыз.