Панк сәнінің аңызы, революциялық дизайнер және әйелдер құқықтарының қорғаушысы
Вивьен Вествуд — британдық сән әлемінің аңызы, панк сәнінің негізін қалаушы және бүкіл әлемді баурап алған дизайнының арқасында танымал болған тұлға. Ол 1941 жылы Англияда, Дербишир ауданында дүниеге келген және сән әлемінде өзінің батыл, ерекше стилімен аты шықты. Вивьеннің шығармашылығы тек киім тігумен шектелмей, қоғамдағы мәселелерге, саясатқа және мәдениетке қарсы өз наразылығын білдіретін өнер түріне айналды. Осы желтоқсанда оның өмірден озғанына екі жыл толады, бірақ оның стильдері мен идеялары сән әлемінде ғана емес, бүкіл мәдениетте әлі де жалғасып келеді.
Кинодағы танымалдығы
Вивьен Вествудтің шығармашылығы мен ерекше стилі кино әлемінде де жиі кездеседі. «Секс пен Қала» сериалында басты кейіпкер Кэри Бредшоу Вивьен Вествудтің ақ көйлегін киіп, тұрмысқа шығады. Бұл көйлек көрермендердің жүрегінен ерекше орын алып, сериалдағы ең сәнді киімдердің бірі болды.

Сонымен қатар, Вивьен Вествудтің ықпалы мен стилі «Круэлла» фильмінде де көрініс тапты. Вивьеннің дизайндарының арқасында фильмдегі костюм үлгілері жоғары бағаланып, Оскар жүлдесіне ие болды. Ол екі рет Британияның үздік дизайнері атағына ие болды.