IMAGE ikea.com

IKEA әлем бойынша ұйқының бұзылуы жөнінде сауалнама жүргізіп, қарабайыр кеңес берді.

Адам өмірінің үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ұйқы бұзылғаннан денсаулық орасан зиян шегеді, әлсіздік пен алаңғасарлық пайда болады. Салдарынан адамның жұмыс істеу қабілеті бәсеңсіп, тиімділігі азаяды. Мұның барлығы ақыры соңында әлемдік экономиканың құлдырауына әкеп соғады. IKEA компаниясы ұйқы мәселесі мен оған қатысты әдет тақырыптарына тереңірек бойламақ болып, клиенттері арасында әлемдік деңгейде сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 55 221 адам қатысты. Қатысушылардың 70%-ы ұйқыны «рахаттың рахаты» депті. Сауалнамаға қатысқандар – негізінен студенттер, ата-аналар және түнде жұмыс істейтін азаматтар. Зерттеуге сенсек, жасы 65-тен асқандардың арасында ұйқыға деген құмарлық азая түседі.

Tatler Asia
IMAGE ikea.com
Tatler Asia

Ұйқы жетіспеушілігі орташа есеппен бір сағат 20 минутты құрайды екен. Адамдар ұйқының қануына дәл осы уақыт мөлшері жетпейді депті. Ең үлкен, яғни екі сағаттық ұйқы дефициті Түркияда байқалатын көрінеді. Материктік Қытай тұрғындарының ұйқысы тұрақты әрі салыстырмалы түрде салауатты. «Ұйқы дегеніміз жай ғана тынығу емес», – дейді Уппсаль университетінің жүйке биологі Доктор Кристиан Бенедикт. Бенедикт «әлеуметтік джетлагқа», яғни демалыста ұйқы қанбау мәселесіне көңіл бөліп, бірқалыпты ұйқы кестесіне сәйкес өмір сүруге шақырады. Сондай-ақ зерттеуде ұйқы алдында телефон қолданбау, бөлменің ауасын тазарту, ұйқы кестесін сақтау сынды қарабайыр кеңес көп.

Tatler Asia
IMAGE ikea.com

Еске сала кетейік, сауалнамаға қазақстандықтар қатысқан жоқ. Ұйқысы қанбай, әбден шаршаған редакциямыз зерттеуді талдай келе, тағы бір қызық фактілерді бөліседі:

  • әлеуметтік қарым-қатынастар ұйқы сапасына әсер етеді;
  • қаржылық проблемаларға тап болған жандардың 27%-ы түніне кем дегенде екі рет оянады;
  • Мысыр еліндегі сауалнамаға қатысқандардың көбі ұйқысына көңілі толатынын айтады (64%);
  • ұйқының бұзылуына шалдыққандар саны бойынша АҚШ тұрғындары алда келеді;
  • үндістандық респонденттердің 37%-ы ұйықтау үшін дәрі-дәрмектің көмегіне жүгінеді. Елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш;
  • әлем бойынша ең ерте тұратын жандар – Колумбия тұрғындары. Олар таңғы 5-те ұйқыдан тұрады;
  • норвегиялықтардың 56%-ы ұйқыдан шаршап тұрады;
  • әрбір төртінші Үндістан тұрғыны үнемі қорқынышты түс көреді.

Бонус: Әрбір оныншы баланың анасы IKEA төсегінде не матрасында жүкті болған.

Ақырында, салауатты ұйқы арман болып қала беретін сияқты.

Темы