Нәзира Қасенова бізге барлығын екі минут ішінде айтып берді
Нәзира Қасенованы шын мәнінде Қазақстанның ең үздік әрі беделді диджейі деп атауға болады. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі клубтарда өнер көрсетуге шақырады. Есімі MixMag, Pitchfork және Resident Advisor-ға жиі шығады. Бұған дейін ол Boiler Room сахнасында және Dekmantel фестивалінде өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ Нәзира — ZVUK жобасының, 4x4 диджей мектебінің және Şien мультижанрлық фестивалінің негізін қалаушы. Tatler журналының алғашқы нөміріне арнап біз Нәзирамен қазақ мәдениеті, индустриядағы әйел адамдар және рейв-сахнасы жайында әңгіме құрдық. Сайтқа арналған сұхбат басқаша болып шықты — Нәзирамен Қазақфильмде ZVUK және Mala Junta командаларының ортақ кешіне дайындық барысында жолықтық. Жұмысына кедергі келтірмес үшін екі минуттық блиц-сұхбат алдық.