IMAGE SHA Wellness Clinic, Испания

Жаңа жылға дайындық пен ертеңінде оңалудың бьюти жоспары. Лифтинг, ісіну және басқа да процедуралар туралы әңгімелейміз.

Желтоқсан, зайырлы өмір қызық тұр, кездесулер мен міндеттер де көп-ақ. Оның арасында қарар да бар: екі-үш килограмм тастап, бет терісін сәл жинақылап, жарқырату. Тез арада суперлифтинг жасау не арықтау мүмкін емес, алайда қалған үш-төрт апта ішінде өзгеру мақсатында экспресс нұсқаларды жүгінуге болады.

Бет

Лифтинг эффектісі

Ең озық аппаратты, инесіз лифтинг EMFace аппаратының көмегімен жүзеге асырылады. Оның екі технологиясы бар: бет терісі мен бұлшық еттеріне бірдей әсер ететін синхрондалған радиожиілік пен жоғары кернеулі электр өрісі. Бетті модельдейтін, маңдайға, бетке және иекке арналған үш түрлі қондырмасы да бар. Қос иекті кішірейтіп, бет пішінінің контурын жақсартады, сондай-ақ маңдайды тартып, көзді табиғи жолмен үлкейтеді. Әсері айнада ғана емес, суретте де анық көрінеді. Қол әдістерін ұнататын жандар модельдейтін массаж курсын алғаны жөн. Оның әсері ертеңгі күні-ақ көріне бастайды.

Ісінуді басу

Желтоқсан айындағы ұйқы режимі, шампан ұрттайтын кештер мен стресс беттің ісуіне әкеп соғуы мүмкін. Оның табиғи қызылын қайтарып, тырысқан бұлшық еттерді босаңсытуға микроток терапиясы көмектеседі — ол артық суды шығарып, қан тамырларын қалпына келтіреді. Оны не салонда (курс алып), не үйде (күнде) жасауға болады. Әсері келе-келе көрінеді. Процедурадан кейін дренажды сарысу мен альгинат маскасын қолданған жөн. Процедуралардың оң әсері болатыны анық, алайда ол үшін шампан ұрттаудан бас тартып, тамақтану және ұйқы режимдерін жөнге келтіру керек.

Терінің түсін жақсарту

Жаңа жылдың қарсаңында агрессивті және инъективті процедураларға жүгінудің қажеті жоқ — олар теріні жарқыратып, ылғалдандырып, wow әсерін бермейді. Бұл жағдайдың шешімі — инъективті емес Dermadrop мезотерапиясы. Оттектің жоғары қысымы мен лезде салу тәсілінің арқасында гиалурон қышқылы мен дәрумендер терінің терең қабаттарына жетеді. Бірнеше процедурадан кейін бет терісі жарқырап, түсі біріңғай болып, ылғалдана түседі. Теріні тегістеп әрі реңкін жақсарту үшін жеңіл химиялық пилинг жасап, карбокситерапиядан өтуге болады.

Дене

Тамақтану

Бір-екі артық килограммға қарсы күресте жеңіске әкелетін басты зат — жай көмірсулардан бас тарту (ақ нан, нан тағамдары, тәттілер, алкоголь, сүт тағамдары). Шоколадты жей беруге болады, дубайлық шоколад болмаса болды. Аз ғана 70%-дық шоколадтың зияны тие қоймас.

Таңғы асқа альтернативті сүт (күріш сүтінен басқа) пен кез келген жеміс түрі қосылған, суға піскен ботқа жеуге болады. Екінші рет тамақтанғанда ақуыз бен көкөніс қосылған салатқа көз салуға болады. Үшіншісінде — ақуыз бен буға не грильде піскен көкөністер. Кешке қызыл еттен басқа кез келген ақуыз түрін жеген жөн. Үш-төрт сағат сайын тамақтану қажет.

Процедуралар

Елдің бәрі жаңа жылдық мәзірдің қызығын көріп жатқанда дәмді тағамдардан стоик секілді қорғанамын десеңіз, спорт пен, мүмкіндік болып жатса, косметологияға бет бұруға кеңес береміз:

Егер сіз айналаңыздағылардың барлығы арнайы жаңа жылдық мәзірлерден дәм татып жатқанда, сіз сапта тұруды шешсеңіз, өміріңізге спорттық және косметологиялық мүмкіндіктерді қосыңыз:

● Лимфаның жөнді қызмет етуі — ісінудің жоқтығы. Лимфаны ұйқыдан тұра сала «оталдырған» жөн — лимфодренажды жаттығу жасап, 15 минуттан кейін жеңілдей түсіңіз.

● Lymphastim аппаратындағы прессотерапия. «Липоотек» бағдарламасы. 45-50 минуттан кейін күнде киіп жүрген киіміңіз кең болып көрінеді.

● Лимфодренажды және босаңсытатын, қолмен жасайтын массаж — адам қолының тиюін ұнататын жандарға арналатын процедуралар. Ал мүсіндеу және түзету массаж түрлеріне бармаған жөн, өйткені олар ісінуді одан әрі күшейтуі мүмкін.

● Дене көлемін азайту және целлюлитке қарсы күресуге аппараттық Icoone Laser, RSL мүсіндеуі және «Эндосфера» процедуралары жақсы көмектеседі.

● IYASHI DOME детокс капсуласы. Бұл — жапондар «көп жасау күмбезі» деп атаған, жаңа заман саунасы. Капсула ұзын толқынды, электромагниттік жылу сәулелерін катализдеп, жасушалардың қалпына келуіне жауап беретін жылу шогы ақуыздарын іске қосады. Мұның бәрі ерекше бір тер шығу түріне әкеледі — процедура барысында адам 1,5 килограммға дейін салмақ тастап, ыдырау өнімдерінен құтылады. Процедура бар болғаны 40 минутқа созылғанымен, әсері бір күн бойы СПА-да жүргенге татиды.

Ең үздік сауықтыру және детокс курорттары

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 3 Chenot Palace Gabala, Әзірбайжан
Фото 2 из 3 Ananda in the Hiamalayas, Үндістан
Фото 3 из 3 SHA Wellness Clinic, Испания
Chenot Palace Gabala, Азербайджан
Ananda in the Himalayas, Индия 
SHA Wellness Clinic, Испания 

Chenot Palace Gabala, Әзірбайжан
Алматыдан 3 сағат 47 минутта жетуге болады

Бұл wellness отелі Анри Шено әдісі бойынша жұмыс істейді. Әдіс диета (вегандық, күніне 850 ккал) мен процедураларды (детокс майлар қосылған ванна, балшыққа орау, Шарко душы, биоэнергетикалық массаж) қамтиды. Басқа процедуралар дәрігерлер жазып берген бағдарламаға қарай ұсынылады.

Ananda in the Hiamalayas, Үндістан
Делиге Алматыдан 3 сағат 20 минутта жетіп, Делиден әрі қарай не ішкі рейспен, не Дехрадунға дейін көлікпен жетуге болады

Ananda-ға әдетте арықтау үшін емес, оңалу үшін барады. Курортта жалпы алғанда 15 сауықтыру бағдарламасы, оның ішінде ұйқыны жөндеу емі бар. Терең тазару үшін үш апталық панчакарманы таңдауға болады. Аюрведа негізіндегі бағдарламалармен қатар шығыс медицинасына негізделген бағдарламалар да бар.

SHA Wellness Clinic, Испания
Алматыдан 11 сағатта жетуге болады

SHA — сауықтыру отелі. Тәсілі дәстүрлі шығыс машықтары мен заманауи ғылымға негізделген. SHA-ның негізгі сауықтыру бағдарламалары: тепе-теңдікті қалпына келтіру, тиімді салмақ, кеңейтілген детокс, сау түрде қартаю, көшбасшы қызметі.

Темы