IMAGE Instagram @james.manteit

Бұлшық ет өсіруге тестостеронды алмастыру терапиясы көмектеседі. TRT және оған қатысты тәуекелдер туралы әңгімелейміз

TikTok желісінде «Testosterone-Maxxing» тренді өте танымал. Тренд аясында ерлер тестостеронның бет-әлпет пен көңіл күйге тигізер әсері туралы әңгімелеп, терапияға дейінгі және одан кейінгі суреттерін жариялап, оны мүмкіндігінше ерте бастауға кеңес береді.

Кейд Мартинеллидің 90 мыңнан астам жазылманы бар. Профилінде «Гормонды оңтайландыру жөніндегі контент» деп жазылған. «Тестостерон — сені еркек қылатын нәрсе», — дейді тағы бір Марсель Стам есімді блогер. Ерлер гормоны дауыстың жуандауына және сақал-мұрт пен бұлшық еттің өсуіне әсер етеді, сондай-ақ көңіл күй мен зат алмасу процесін реттейді.

@kmartfit Testosterone Replacement Therapy transformation - Before and After #Trt #trtgains #trt101 #trtfamily #trttransformation #trtshots #trtshot #trtforlife #trtdays #trtcommunity #trtbeforeandafter #trtlife #trtgainz #trtformen #trtworld #trtnation #lowt #testosterone #testosteronelevels #testosteroneinjection #testosteronecypionate #testosteronegains #testosteronetherapy #testosteroneboosters #testosteroneshots #testosteroneshot #testosteroneshottime #testosteronehealth #testosteroneformen #testosteroneclinics #testosteronedeficiency #testosteronedecline #testosteroneeffects #testosteronegang #testosteronereplacement #testosteronerepacementtherapy #testosteroneproblems #testosteronebooster #testosteroneboys #testosteronechanges #testosteronedepresssion ♬ original sound - KMART

Тестостерон жеткіліксіздігі әдетте жасы 50-ден асқан ерлерге тән. Салдарынан көңіл күйдің нашарлауы, сексуалды құмарлықтың азаюы, әлсіздік және эректильді дисфункция сынды симптомдар пайда болады. Мұндай дертке шалдыққандарға тестостерон алмастыру терапиясын тағайындайды. Әлеуметтік желілердегі #testosteronebooster TRT хештегін 30-ға толмаған жастар да қолданатынын көрсетеді. Жақында ғана жүргізілген зерттеуге сүйенсек, 1987 жылдан бері ерлердің бойындағы тестостерон деңгейі жыл сайын 1%-ға төмендеп келеді. Доктор Дэниел Келли бұл құбылысты дене қозғалысының аздығымен, дұрыс тамақтанбаумен және күйзеліспен байланыстырады.

Патриархалды қоғамда ерлер физикалық тұрғыдан күшті болуы керек деген ұғым қалыптасқан. Гендерлік проблематика жөніндегі профессор Дебби Гингтің Dazed мақаласы аясында жарияланған пікіріне сенсек, қоғам TRT-ны «сиқырлы ем» ретінде насихаттап, маскулиндіктің беделін арттырғысы келеді. Алайда ешкім оның жанама әсері туралы тіл қатпайды. Оларға, мысалы, шаштың түсуін, безеудің пайда болуын, сондай-ақ белсіздікті және жүрек-қан тамырларының ауруларын жатқызуға болады. Доктор Дэниел Келлидің айтуынша, TRT-ға қатысты зерттеулер тек жасы үлкен адамдарды қамтиды, яғни оның жастарға қалай әсер ететіні әлі күнге белгісіз.

Темы