IMAGE As Ever

Сассекс герцогинясы Меган Маркл өзінің жаңа As Ever бренді арқылы кәсіпкерлікке қайта қадам басты

Бұл жоба – оның бұрынғы The Tig атты танымал блогының заманауи жаңғыруы.

As Ever бренді табиғи, органикалық және пайдалы өнімдерді ұсынуды мақсат етеді. Әзірге ресми сайты толық іске қосылмағанымен, Меган Маркл Instagram-да өнімдердің мудбордын бөлісіп, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Мудбордта «шаруашылықтан жаңа алынған жұмыртқалар», «екі түрлі сәбіз», тәттілер және As Ever логотипі бейнеленген. Сондай-ақ бренд аясында құлпынай мен таңқурай джемдері сатылымға шығатыны белгілі болды. Кей жаңалық порталдары оны жаңа Марта Стюарт деп атап кетті.

Меган Маркл брендтің атауына ерекше мән беріп:
«As Ever негізінен «бұрынғыдай» дегенді білдіреді. Егер мені 2014 жылдан бері The Tig-тен бастап бақылап жүрсеңіз, менің тамақ әзірлеуге, қолөнерге және бағбандыққа құмар екенімді білесіз. Соңғы жылдары бұл қызығушылығым туралы ештеңе бөлісе алмап едім, енді қазір айтар да, көрсетер де уақыт келіп жетті. Сондықтан мұны сіздерге бірінші болып хабарлағым келді», – деп жазды.

Шу шықпай тұрмайды

Бірақ сайт іске қосылмай жатып, As Ever бренді бірталай шу шығарды. Нью-Йорктің Бруклин ауданында дәл осы атаумен киім бренді тіркелген болып шықты. Интеллектуалдық меншік жөніндегі заңгер Ричард Стим Vanity Fair-ге берген сұхбатында мұндай жағдайлар жиі кездесетінін атап өтті:
«Мұндай көбінесе адамдар өте кең ауқымды өтінім берген кезде болады. Меган Марклдың As Ever брендіне берген өтінімінде киім-кешек категориясы қамтылмағандықтан, бұл заңды тұрғыдан кедергі келтірмеуі мүмкін».

Логотип те даулы мәселеге айналды. Эмблемада Калифорниядағы үйлерінің символы ретінде екі пальма ағашы мен ханзада Гарридің сүйікті құсы, яғни екі колибри бейнеленген. Бірақ кейбіреулер бұл дизайнның Майоркадағы шағын қаланың елтаңбасына тым қатты ұқсайтынын байқаған. Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, қала әкімі: «Бұл – толық көшірме», – деп мәлімдеп, Меганнан эмблеманы өзгертуін талап етуді жоспарлап отыр.

Жалпы, бүгінгі әлемде түпнұсқа дүние жасау қиын сияқты. Не істесең де, бірдеңеге ұқсап шығатыны анық.

Tatler Asia
IMAGE As Ever логотипі
Tatler Asia
IMAGE Испаниядағы Поррерас қаалсының елтаңбасы

Netflix-пен бірге жаңа жоба

As Ever брендімен қоса Меган Маркл Netflix-пен бірге With Love, Meghan реалити-шоуын түсіріп жатыр. Бұл жоба оның жеке өміріне, шығармашылығына және жаңа кәсібіне терең үңілуге мүмкіндік береді. With Love, Meghan 4 наурызда жарыққа шығады.

Темы