Жұмыс пен демалыс арасындағы дзенді іздеген цифрлық көшпенділер қандай коворкингтер мен коливингтерге жиналатындары туралы әңгімелейміз
Қашықтан жұмыс істеген ыңғайлы екені ақиқат. Сөмкеңізді жинаңыз. Роуминг пен ноутбукты ұмытпаңыз. Жұмыс істеуге және демалуға қолайлы әрі сәнді коворкингтер мен коливингтер топтамасын жинадық.
Fabrika, Тбилиси
Бұл нысанның елеусіз аты іздеу қызметіне «Тбилиси» атауын енгізе сала, көзге түседі. Кеңес үкіметі кезінде ғимарат тігін зауыты үшін салынған екен. Алайда қазіргі Fabrika – Грузияның креативті жастарының сүйікті орны. Мұнда мейрамханалар, дәмханалар, барлар, кең аула, коворкинг, хостел және бірнеше дүкен бар. Артық ештеңе жоқ. Жиһанкезге қызық болуы мүмкін дүниенің бәрі осы кеңістікте. Инстаграмға салуға лайық бұл орын жергілікті халыққа да қызық екен. Мұнда арт кеңістіктер құрылады, үстел ойындары ойналады, жергілікті мәдениетті дамыту жұмыстары жүргізіледі. Ішінде «ескі мен жаңа кездескен» Fabrika-ны жаңару символы деп те атайды. Жобаның креативке толы екені оның әлеуметтік желілерінен, ғимараттың безендірілуінен, бөлмелердің түстерінен, яғни барлық аспектілерінен байқалады.



