Эмоция көрсетуге салынған тыйым ерлерді ішкі оқшаулануға және жалғыздыққа қалай әкеледі

Соңғы кезде интернетте ерлер арасындағы жалғыздық туралы видеолар, мемдер және басқа да контент көбейіп кетті. Құбылыс эстетизацияға ұшырап жатыр. Мұндай материалдар мәселеге нұсқап қана қоймай, оны заманауи мәдениеттің өзекті тақырыбына айналдырады. Жігіттер өз тәжірибесімен бөлісіп, қандай қиындықтарға тап болатынын айтып, Райан Гослингтің («Blade Runner 2049» және «Драйв» фильмдері), Роберт Де Нироның («Такси жүргізушісі»), Хоакин Феникстің («Ол»), Рами Малектің («Мистер Робот» сериалы) және басқа да актерлердің фильмдерінен меланхолиялық үзінді жариялайды.

Бұл — адамның өз-өзімен сұхбаттасуы, ішкі «шайтандарымен» күресі туралы контент. Мысалы, AskJapan YouTube арнасының авторы — орта жас дағдарысымен күресіп жүрген, 50 жастағы жалғызбасты жапондық ер адам. Видеоларында ол жиі жалғыз жүретінін көрсетіп, қызығушылықтары, өмірдің өткінші дәурен болуы, әділетсіздік, жақын дос пен ақшаның аздығы туралы әңгімелейді.

Tatler Asia
B7X4Y1 Taxi Driver  Жыл : 1976 АҚШ      Директор : Мартин Скорсезе Роберт Ди Ниро     Golden palm Cannes 1976. 1961 жылғы фото.
IMAGE «Такси жүргізушісі», 1976 жыл
B7X4Y1 Taxi Driver  Жыл : 1976 АҚШ      Директор : Мартин Скорсезе Роберт Ди Ниро     Golden palm Cannes 1976. 1961 жылғы фото.

Британдық аралас жекпе-жек шебері Патрик «Пэдди» Пимблетт Лондондағы UFC турнирінде жеткен жеңісінен кейін әсерлі сөз сөйлеген болатын. Жарыс басталмас бұрын досынан айырылған ол ерлерді эмоцияларын жасырудың орнына оларды ашық көрсетуге шақырды: «Біздің әлемде ерлер эмоцияларын көрсетпеу керек деген стигма бар. Ер адам болып, мойныңызға артылған «жүктің» салмағын сезіп, өз-өзіңізге қол жұмсаудан басқа жол қалмады десеңіз, өтінемін, біреумен сөйлесіңізші. Кім болсын, сөйлесіңізші. Досыммен қоштасқаннан гөрі оның маған мұңын шағып, бір жылап алғанын көргенді қалар едім. Осы стигманы жояйық. Ерлер, дауыстарыңызды шығара бастаңыздар!»

Британдық The Cure атты рок тобының танымал Boys Don’t Cry әні де ерлер арасындағы әлсіздік, осалдық көрсету мәселесіне нұсқайды. Топ вокалисі Роберт Смит былай дейді:

Tatler Asia
IMAGE The Cure "Boys Don't Cry", 1979
Tatler Asia

Сонда неге boys don’t cry? Ерлер арасындағы жалғыздық мәселесі қоғам назарына жақында ғана іліге бастады. АҚШ-тың бас хирургі Вивек Мертидің жүргізген зерттеуі жалғыздықтың белсенді түрде өсіп, «эпидемияға» айналғанына нұсқайды. Ал 2020 жылы жүргізіліп, 237 елді, аралды және басқа да аймақтарды қамтыған жаһандық зерттеу жалғыздық деңгейі әйелдерге қарағанда ерлер, әсіресе жас жігіттер арасында әлдеқайда жоғары екенін көрсетті.

2022 жылы Pew зерттеу орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес, 30 жасқа дейінгі әрбір алты ер адамның төртеуі өзін жалғыз сезінеді екен — дәл осы жас аралығындағы әйел адамдар арасында бұл көрсеткіш екі есе аз.

Романтикалық қатынастардағы қиындықтар — жалғыз себеп емес. Ерлерге жақын достың әрі шынымен де сенім артуға болатын адамдардың (әсіресе Z буынына) бар болуы маңызды. 2021 жылғы америкалық сауалнамалардың бірінің деректеріне сәйкес, ер адамдардың 15%-ның бірде-бір жақын досы жоқ. 1990 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12%-ға өскен екен. 2023 жылы Equimundo ерлік және әлеуметтік әділдік мәселелері орталығы ерлердің көпшілігі тек бір не екі жақын досына ғана сенім арта алатынын анықтаған болатын.

Вивек Мертидің бақылауы жалғыздықтың физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсерін тигізетінін көрсетеді. Ол мезгілсіз қаза болу қаупін арттырып, суицидтік ойларды жиілетеді, жүрек-қан тамырлары ауруларын, депрессияны, мазасыздықты өршітеді, сондай-ақ деменция мен инсультке әкеп соғады.

Ерлердің үнсіздігін көп жағдайда альтруизмнің бір түрі деуге болады. Проблемалары мен уайымын айналасындағы адамдарға жүктемеу үшін олар бәрін өз бетімен шешуге тырысып, сырт көзге көрінетін стереотипті образын күшейте түседі.

Ерлер жалғыздығы жөніндегі контент арасында ашықтық жағдайды керісінше нашарлатады деген пікір кең тараған. Ерлердің көбісі әйел адамдармен бұл жайлы сөйлескенді қаламайды, әйелдер олардың әлсіздігін пайдаланып, көзқарасын өзгертуі мүмкін деп ойлайды .

Алайда қолдау және түсіністік көрсету шынайы әрі сенімді қарым-қатынас құру, сондай-ақ эмоционалды және психикалық денсаулықты сақтау жолында маңызды рөл атқарады.

Tatler Asia
Rami Malek «Mr Robot», 2015 - 2019
IMAGE «Мистер Робот», 2015-2019 жылдар
Rami Malek «Mr Robot», 2015 - 2019

Психолог Максим Исаковтан осы феномен туралы ой бөлісуді және ерлер арасындағы жалғыздықпен күресуге қатысты кеңес беруді сұрадық:

«Қазіргі қоғамды жиі атомизацияланған деп сипаттап жатады. Психикамыз вакуумда қалқыған зат емес қой, оған сырттан мәдени, технологиялық және экономикалық факторлар әсер етеді. Сондықтан ерлер арасындағы жалғыздық мәселесін талқыламас бұрын ортамыз адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуды, басқалар үшін құрбандыққа не компромисске баруды қаншалықты қолдайтыны, бірлігіміздің маңызы қаншалықты атап өтілетіні туралы ойлану қажет. Қазіргі поп-психология «шекара сызу», яғни жеке мүдделерді қоғам мүдделерінен алшақ ұстау, адамдардың басқа шығып алуына жол бермеу туралы айтып жатады.

Ерлер жалғыздығы мәселесі қызық бір парадоксты айқындайды: ерлер нарықтың, рационалдықтың және индивидуализмнің патриархалды логикасының негізін қалаушы бола тұра, оның азабын өздері тартып жүр. Жеке тұлғаны бірінші орынға қою басқалармен жақын қарым-қатынас құруға кедергі келтіреді. Махаббат үшін құрбандыққа бару туралы айтып отырған жоқпын, барлық нәрсе, оның ішінді романтикалық қарым-қатынастар, тауарға айналған қоғамда қарым-қатынас қажеті жоқ бір рудимент болып қалады.

Әрине, тәрбиенің өз орны бар: мачизм логикасы бала кезден сіңген ерлердің көбісі осалдық пен сезімпаздықтан (оны әлсіздік деп біліп) қорқып өседі, сондай-ақ оны қарым-қатынас аясында толық тұлға болып қалыптасу критерийлері де қысады.

«Не істеуге болады?» сұрағына келсек, бір-біріне қайшы келетіндей көрінетін екі вариант ұсына аламын. Бір жағынан ерлердің қарым-қатынасқа ұтымдылық және пайда тұрғысынан қарағаны жақсы. Жақын қарым-қатынастарды керексіз деп білетін жандарға олар шын мәнінде қажет қолдау, күш және тыныштық көзі болуы мүмкін. Екіншіден, ерлер миына сіңген ережелер мен ойларға сыни көзбен қараса, жөн болар еді. Ер адам өз-өзіне «Мен шынымен де өз-өзімнен осынша нәрсе талап етемін бе?», «бұл ой менде қайдан пайда болды, оның маған пайдасы бар ма?», «бұл ойға төтеп беріп, тұлғамның толықтығына ақша мен жетістіктер тұрғысынан қарамауға бола ма?» деген сұрақтарды жиі қойып тұрғаны дұрыс. Адамның өз-өзіне сыни қарауы қиын болуы мүмкін, өйткені мұндай ой оны ұзақ уақыт бойы ұстап келе жатқан тіректі бұза бастайды. Алайда көп жағдайда «нағыз ер адам» туралы үйреншікті ойды бұзып қана жаңа ойға жетуге, қарым-қатынастардың шайқас алаңы емес, қолдау көзі екенін түсінуге болады.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 2 «Ол», 2013 жыл
Фото 2 из 2 «Blade Runner 2049», 2017 жыл

Ерлер арасындағы жалғыздық әр түрлі жастағы адамдары және әлеуметтік топтарды қамтып, олардың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді. Дегенмен бұл тақырыпқа деген өсіп келе жатқан қызығушылық оны шешуге және стереотиптерді бұзуға мүмкіндік береді. Мәселені одан әрі талқылап, ерлер эмоцияларын еркін көрсетіп, терең әрі сенімге толы қарым-қатынас құра алатын орта құру қажет.

Темы